Сатыбалды Ересұлы Бұршақов

Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

147
Сатыбалды Ересұлы Бұршақов

Ол Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Туған жылы: 1968 жылы 24 тамызда дүниеге келген.

Білімі: Алматы педагогикалық шет тілдер институтын тәмамдаған, мамандығы бойынша ағылшын және орыс тілдерінің мұғалімі. 

«Клингендаел» Нидерланды халықаралық қатынастар институтында тағылымдамадан өткен, 

Шетел қызметі академиясы курсын аяқтады. (Исламабад).

Дипломаттық дәрежесі - ІІ сыныпты кеңесші.

Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы,

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі, бірінші хатшысы, кеңесшісі, бөлім бастығы,

Қазақстан Республикасының Венгрия Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы,

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі,

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген.

ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі 

2019 жылдан Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі 

2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

2024 жылы Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу