Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.

4155
Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев Фото: gov.kz

Шайх-Хасан Жазықбаев әр жылдары жауынгерлік және бітімгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Ол бірнеше әскери бөлімнің командирі, штаб бастығы – "Батыс" ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары болды. 

2023 жылғы 11 қарашада Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары болып тағайындалған болатын.

Ирак Республикасындағы инженерлік-саперлік жасақ құрамында бітімгерлік операцияға қатысты.

II дәрежелі "Айбын" орденімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған. 

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіріп отыр. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу