Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы

Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі

12325
Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы

Берік Шолпанқұлов 1976 жылы 4 наурызда туған.

Білімі:

1996 ж. – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген.

2016 ж. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы ұлттық қорғаныс университетін «әскери және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1996-2001 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы қазынашылықтың к асса қаражаты және мемлекеттік борыш басқармасы қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы, осы комитетттің басшысы.

2001 жылғы қазаннан бастап 2004 жылғы шілде аралығында - Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қолма-қол ақша және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасының бастығы. 

2004 жылдың шілде айынан 2008 жылдың желтоқсанына дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары.

2008 жылдың желтоқсанынан 2014 жылдың маусымы – 2008 жылдың желтоқсан айынан ҚР Қаржы вице-министрі болды.

2014 жылдың шілдесінен– 2016жылдың қарашасы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2016 жылдың қараша-жетоқсаны – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қаржылық мониторинг жөніндегі комитетінің төрағасы.

2016 жылдың 28 желтоқсаны – 2019 жылдың 15 наурызы– Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі вице-министрі.

2019 жылдың 15 наурызынан – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі.

Басқа қызметтері:

«Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2013-2014 жж. - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2019 жылдың 29 сәуірінен – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ  директорлар кеңесінің мүшесі.

Мемлекеттік наградалары: Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің құрмет грамоталары, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдары, «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісі, II дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы еңбегі үшін» медалі. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу