Скляр Роман Васильевич

 Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары

20462
Скляр Роман Васильевич

Роман Скляр 1971 жылы 8 мамырда Павлодарда туған.    

Білімі:

Павлодар мемлекеттік университеті, мамандығы "инженер-құрылысшы".

Мәскеу қазіргі заманғы бизнес институты, мамандығы "экономист".

Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты, мамандығы "заңгер".

Еңбек жолы:

1989 ж. – «Екібастұзкөміравтоматикасы» монтаждау-реттеу басқармасының слесарь-монтаждаушысы  

1989-1990 жж. – «Вахинвест» БК-ның техника қауіпсіздігі жөніндегі инжеренері.

1990-2002 жж. – түрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2002-2003 жж. – Павлодар облысының жағдайы жоқ борйышкерлерімен жұмыс жөніндегі комитеті басқармасының бөлім басшысы.  

2003-2005 жж. – Павлодар қаласының мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы.

2005 ж. – Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.

2005-2006 жж. – аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

2006-2007 жж. – Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі.  

2007-2008 гг. – Астана қаласы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2008-2010 жж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2010-2011 жж. – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2011-2013 жж. – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі .

2014-2016 жж. – «Қазақстан темір жолы» АҚ вице-президенті.

2016 жылдың мамыр-желтоқсаны – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі.

2018 жылдың 23 желтоқсаны мен 18 қаңтары аралығы – Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінде вице-министр

2018 жылдың 18 қаңтары- 2019 жылдың 25 ақпаны – ҚР инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі.

2019 жылдың 25 ақпанынан – Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2019 жылдың 18 қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені,   «Астанаға 10 жыл», «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл»медельдары, «Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі».

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу