Тасжүреков Ербол Қуанышұлы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі

6112
Тасжүреков Ербол Қуанышұлы Фото: gov.kz

Ербол Тасжуреков 1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

Білімі:

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Х.А. Ясауи атындағы Мемлекеттік халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1998 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастаған.

Әр жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2007-2013 жж. Астана қ. Алматы аудандық сотында қызмет етті.

2013-2014 жж. – ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Кәсіпкерлік қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру басқармасының басшысы; Өңірлерге мониторинг жүргізу және бағалау департаменті Өңірлерге мониторинг жүргізу және бағалау басқармасының басшысы.

2014-2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңіраралық ынтымақтастық, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары; Өңірлік саясат, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары. 

2016-2018 жж. – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары.

2018 жылы Шымкент қ. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2018-2019 жж. – Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы маусымға дейін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі болды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу