Тимур Әбілқасымов
Бүгін қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде ауыс-түйіс болды.

67 04.09.25, 17:53
Тимур Әбілқасымов қаржы нарығын және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
–Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
тағайындау, өкім, ҚМА, Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов