Тлеубердиев Мұрат Әжінұрұлы

Түркістан облысының прокуроры 

4175
Тлеубердиев Мұрат Әжінұрұлы Фото: gov.kz

Мұрат  Тлеубердиев 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі:

Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған.

Әр жылдары бірқатар жауапты басшылық лауазымдарында қызмет еткен.

Алматы қаласының прокуратурасында бөлімнің, басқарманың бастығы болған.

Аталған қаладағы Әуезов, Алмалы аудандарының прокуроры және қала прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

Соңғы жылдары Бас прокуратураның кадрларды дамыту департаментін басқарған.

2023 жылғы 16 мамырда Түркістан облысының прокуроры болып тағайындалды.

Құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу