Тойбаев Әділет Жүнісұлы

ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы

4860
Тойбаев Әділет Жүнісұлы

Әділет Жүнісұлы 1982 жылы дүниеге келген.

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қазақстан тарихы» және «Білім берудегі менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек өтілі: 

2008-2009 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып жұмыс істеді.

2009-2011 жылдары әдістемелік бөлімнің меңгерушісі, ҚазҰУ-дың оқу мәселелері жөніндегі директоры қызметін атқарды.

2011-2013 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі болды.

2013-2017 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры болды.

2017-2018 жылдары Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқу ісі жөніндегі бірінші проректоры қызметін атқарған.

2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры қызметін атқарады.

2022 жылы – ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы.

2022 жылғы қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ҒЖБМ Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры. 

2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу