Тұрсынов Гаждембек Қуанышұлы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының басшысы 

6301
Тұрсынов Гаждембек Қуанышұлы

Ғаждембек Тұрсынов Павлодар облысының тумасы.

Білімі:

В.Воровский атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің, «Қайнар» университетінің, инновациялық Еуразия университетінің түлегі.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1995 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. Осы жылдары Ертіс қазақ орта мектебі директорының орынбасары, Павлодар қаласындағы «Жас дарын» дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорының орынбасары, Павлодар облысы білім басқармасының бас маманы, «Ертіс дарыны» қосымша білім беру орталығы облыстық оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды..

2019 жылдан бастап «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары, 2020-2023 жылдар аралығында «Астана Дарыны» орталығының директоры.

2023 жылдың 27 ақпанында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының басшысы болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу