Жақыпова Светлана Қабыкенқызы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

8273
Жақыпова Светлана Қабыкенқызы

Светлана Қабыкенқызы 1968 жылы Қарағанды облысында туған. 

Білімі

Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Еңбек өтілі

Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Қарой орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.

1991-1995 жылдары Целиноград қаласындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен.

1997-2008 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аға маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, директоры лауазымдарында жұмыс істеген.

2008-2011 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарған.

2011-2013 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Жобалық офисі бағдарламасын басқарған.

2013-2019 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болған.

2020 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қоры бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалған.

2020-2023 жылдар аралығында БҰҰ Даму бағдарламасының Әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі Ұлттық сарапшысы болды.

2023 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл.

2023 жылғы 2 қыркүйектен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу