Жазықбаев Дархан Медеғалиұлы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы 

2331
Жазықбаев Дархан Медеғалиұлы Фото: egemen.kz

Дархан Медеғалиұлы 1976 жылы туған.

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын бітірген. Мамандығы философ, философия пәнінің оқытушысы, заңгер. Философия ғылымдарының кандидаты.

 Еңбек өтілі:

Еңбек жолын Алматы заң институтында, содан кейін Ішкі істер министрлігінің академиясында оқытушы болып бастаған. Ішкі істер министрлігінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Парламент Сенаты Аппаратының Әкімшілік бөлім меңгерушісінің орынбасары, Кадр жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі болған. Парламент Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары, Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалған.

2019 жыл маусым 2022 жылдың қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы қызметіне тағайындалды, 2022 жылдың 28 қарашасында қайта тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу