АҚШ жер астына бункерге қатысты қолданатын қаруды Иранға қолданды. Оның 60 метрге дейін дендеп ене алатыны жайлы деректер бар. Десе де, АҚШ бомбалаған Иранның уран байыту зауыты 80-90 метр тереңдікте делінеді. Оған нақты жеткені не жетпегені туралы дерек жоқ, тиісінше дау көп.
Трамптың өзі "елеулі түрде залал келтірілді, тіпті қызды-қызымен Иранның ядролық бағдарламасын жоқ қылдық" дегенге дейін барды. Кейбіреулер оны жоққа шығарды. Оның ішінде Американың БАҚ өкілдері де бар.. Дегенмен барлау орындары келтірілген шығындар туралы мәліметтің шет-жағасын шығарды.
Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі бомба түскен Форду уран байыту зауытының зардап шеккенін мойындады. Бірақ, қаншалықты зардап шеккенін ешқандай тарап нақты айтып тұрған жоқ. Иран "ядролық бағдарламаны бейбіт мақсатта пайдаланамыз" деп соңғы 20 жылда дамытуға қатты күш салды.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін