Қазақ шипагерлігі туралы жүздеген кітап жарық көрді. Оның ішінде құнды рецептер жетерлік. Көбі шөп дәріні негіз етсе, бір бөлімі жан-жануарлардың заттарын қамтиды.
Қазақ медицинасына арнайы грант бөлініп, осы сала бойынша студенттер тәрбиеленеді. Әр аймақ-аудандағы әртүрлі емханада істейтін қазақ шипагерлер қазақ шипагерлік қоғамына мүше болып ақшалай жарна тапсырып отырады.
Қазақ шипагерлігінің алғашқы шипаханасы Алтай қаласында ашылған. Жемсары ауданындағы Жүніс ақсақалдың, Толы ауданындағы Қали ақсақалдың қазақ шипаханалары да әйгілі болған. Қазақ шипагерлігінде түрлі ауруды жазып ғана қоймай, гипссыз, темір тіреусіз сынықтарды салу, үгілген сүйікті жинау, аяқ сүйектің орнына ботаның сирағын салу дамыған.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін