Қазақстанда бір емес, үш АЭС салынуы керек

Еліміздің ресурстарын ескерсек, бізде электр қуатын импорттау мәселесі туындамау керек және жақын арада көршілес елдерден тәуелділікті түбегейлі жою қажет. 

Қазақстанда бір емес, үш АЭС салынуы керек

Менің ойымша ең өзекті мәселелердің бірі - мұнай-газ және көмір химиясын дамыту. Қазақстанның осы салаларда өркендеуіне әлеуеті жетерлік, алайда, өкінішке орай, Қазақстан қолда бар мүмкіндіктерді толық қолданып жүр деп айта алмаймыз. Мұнай-газ саласында ілгерлеу бар десек, көмір химиясы мүлдем кенже қалып отыр, ал бұл сала инвестиция мен жұмыс орындарын тартуға кепілдік беретін бірден-бір орта.

Екінші мәселе — электр энергиясы тапшылығы. 

Президенттің өзі осы мәселеге тоқталып, еліміздің ресурстарын ескерсек, бізде электр қуатын импорттау мәселесі туындамау керек екенін, көршілес елдерден тәуелділікті жою қажеттігін аса атап өтті. Мен мұндай тұжырымдамамен толыққанды келісемін, себебі мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігі басты нысанда болуы керек, сондықтан бізге бір ғана АЭС жеткіліксіз, Қазақстанда кем дегенде үш атом электр станциясы салынуы керек. Мемлекет басшысы атап өткен референдумда АЭС салу мәселесі ғана емес, жалпы атом энергетика саласын дамыту мәселелері қарастырылады деп үміттенемін. Осы салаға басымдылық беру үшін бізде ресурс жеткілікті: уран, басқа да табиғи қазба байлықтар. Сонымен қатар, мұнда кадрлық әлеуетті де жетілдіру керек және құрылысты тезірек бастаған дұрыс, өйткені энергетика келешегі бүгінгі қадамдарға тікелей байланысты.

Жаңа кен орындарын барлау жұмыстары жайлы айтар болсақ, кен орындарын геологиялық барлау жұмысын қолға алу. Мен қанша жыл бойы мұнай-газ саласындағы бірер жобалар болмаса, соңғы 20 жылда бірде-бір жаңа кен орны ашылмағанын айтып келемін. Сондықтан гео-барлауға көбірек көңіл бөлген жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев барлау жұмыстары жекеменшік инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асырылу керек деді, алайда соған сай инвесторлаға салық бойыншп және басқа да жерлерде жеңілдіктер қарастыру қажеттілігін де ұмытпаған дұрыс. Бірінші қадам жасалды, енді оны үкімет қалай іске асыратынын көре жатармыз.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу