Көшті қазақ ұлтының өкілдері аз аудандарға шоғырландыру керек

Солтүстік өңірлерді қанша жерден қазағы аз десек те, кейбір ауданында қазақтар жоғары салыстырманы ұстайтындықтан, ол аудандарды осы көш бағдарламасына қоспай, уақыт пен шығынды үнемдеп, қалған аудандағы халық санын реттеуге күш салған жөн.  

Көшті қазақ ұлтының өкілдері аз аудандарға шоғырландыру керек

 

Мысалы, қазақтар Солтүстік Қазақстан (Қызылжар) облысының Ақжар ауданында онсызда 78,4 пайыз тұрады.

Сол секілді, Ш.Уәлиханов ауданында 89,8 пайыз қазақ бар. Қостанай облысының Аманкелді ауданында – 98,4%, (Жанкелді ауданы – 99,7, Наурызым ауданы – 72,3) Арқалық қаласында 79,8 пайыз қазақ қоныстанған. Сондай-ақ, Павлодар (Керегежар) облысының Ақтоғай ауданында – 76,4, (Баянауыл – 90,2, Ертіс– 54,9, Аққулы – 82,1, Май – 86,3), Ақсу қаласында – 59,8, Екібастұз қаласында 61,8 пайыз қазақ өмір сүріп жатыр. Ақмола (әсілі, Ақмол) облысының Біржан сал ауданында – 63,5, Ерейментау ауданында – 67,6, Зеренді ауданында – 67,1, Қорғалжың ауданында – 88,1, Целиноград ауданында – 81,4 пайыз қазақтар болса, Көкшетау қаласының 59,3 пайызын қазақтар ұстайды.

Осы аталған қазағы мол аудандарды уақытша тізімнен шығара тұрып, көшті қазақ ұлтының өкілдері аз аудандарға шоғырландыру керек. Ал қазағы мол аудандар бірден ұлттық атауға ауысуы тиіс. 

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу