Криптовалюта – ең құбылмалы актив

544

Биткоиннің бір түнде 53 мың доллардан 14 мың долларға құлдырағаныны да, бір сағатта 7 мың долларға қымбаттағанын да айтады.

Криптовалюта – ең құбылмалы актив

Осыған қарамастан, жаңа активтің болашағы зор.

ETF ашатын шымылдық АҚШ-тың бағалы қағаздар комиссиясы (SEC) Bitcoinмен жұмыс істей алатын споттық инвестициялық қорларға (ETF) рұқсат берді.

Қазір 11 ETF қорында рұқсат қағазы бар және олар бүгіннен бастап саудаларын бастап кетпек. Бұған дейін американ биржалық қадағалаушы органы биткоин сынды криптовалюталық инвестициялық құралдарға күдікпен қарап келген еді. Ол күдік толық сейілді деуге әлі ерте.

Бірақ биткоин ETF-терінің ресми мойындалуы – осы бағыттағы сеңнің қозғалғандығын айғақтайды. 

ETF (exchange traded fund) - активтер портфелін құрап, соған негізделетін акцияларын инвесторларға ұсынатын инвестициялық қор. Ал портфель құрамында биткоин болатын акциялар жасап, нарыққа ұсынатын инвестициялық қорды "Биткоиндық ETF" деп атайды. Портфельдің барлығы биткоиннен тұрмайды, олар бірнеше активтерді қосып, нарыққа сатады. Егер споттық биржада биткоиннің, портфель құрамына кіретін басқа да активтердің бағасы өсе бастаса, онда ETF акцияларының құны да жоғары көтеріледі.

Криптавалютаға инвестиция жасау тәуекелі көп бағыттардың бірі. Себебі нарықтың дамуымен криптавалюталар көбейіп кетті. Олардың қайсысы шынайы, қайсысы алаяқтық жолмен жасалғанын қазір нарықтың өзі де білмей қалды. Әрине негізгі фундаменталды криптавалюта түрлері бар. Оған мысалы биткоинды жатқызуға болады. Қазір криптавалюта түрлері көп, саны 300-ден асады. Олардың кез келгеніне инвестиция салу ақшаны жоғалтып алуға алып келеді. Крипта нарық көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатыр, өзгеріс тез болып жатыр. Сондықтан инвестиция салған күннің өзінде өте азғантай мөлшерде салу керек деп ойлаймын. Ақшадан айырылып қалғанда да үлкен қиындық туындамайтындай. Жаттығу ретінде жасап көруге болады. Бірден үлкен ақшаны крипта нарыққа салу үлкен қаржылық апаттарға алып келуі мүмкін. Оның үстіне, криптавалютада алаяқтық өте көп. Жалған криптавалюта жасаудан бастап, токерлеріңізді ұрлап кету, биржадан ұрлау деген сияқты әртүрлі алаяқтық фактілері болуы мүмкін. Ішкі нарықты білмейтін адамдарға ақшасын жоғалтып алу қаупі үлкен. 

Криптавалютаның болашағына келетін болсақ, АҚШ мен Еуропада қазір болып жатқан құбылыстар Қазақстанға келетін болар деген болжамым бар. Финанс сияқты Астана қаржы орталығында акредиттелген орталықтар бар. Біз оларға сенім білдіріп отырмыз.

Криптавалютаның болашағы жоғары деп ойлаймын. Криптаиндустрия дамыған сайын оның болашағы жарқын бола береді. Бізде ол дами беретін болады. Болашағы жақсы деп ойлаймын. Ең бастысы жағдайдан бақылаудан шығарып алмау керек. Біздің азаматтардың үлкен қаржыларынан айырылып қалуына жол бермеу керек.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу