Құжаты жоқ инвестициялық жобалар қаржыландырылмайды

2301

Жылыжай шаруашылығы иелерінің мәселесі күн тәртібінде тұр. 

Құжаты жоқ инвестициялық жобалар қаржыландырылмайды

Бұған дейін маған еліміздің бірқатар өңірлерінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бюджеттік субсидияны негізсіз қайтаруды талап етуге қатысты шағым келіп түсті.

Зерделеу барысында жылыжай кешендерін салуға және кеңейтуге субсидия алу кезінде мәселе туындайтыны анықталды. Осының ақ-қарасын ажырату үшін бас прокурорға жүгіндім.

Құзырлы орган бізбен бірлесіп, субсидиялау барысында ауыл шаруашылығы басқармалары жол берген заңсыз әрекеттерді әшкереледі. Қорытындысында кемшілік жойылып, субсидияны қайтару туралы талап орынсыз деген байлам жасалды.

Бас прокуратура ауыл шаруашылығы басқармалары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялау көзделген жобаларды жобалау-сметалық құжатына және заңнама сәйкес жүзеге асыру, жоба паспортында инвестордың жабдықты немесе техниканы кредитке, лизингке сатып алуы көзделген жағдайда инвестициялық субсидияны аванстық төлеммен қаржы институтының арнайы шотына аударуға жол беру, жобалау-сметалық құжаты жоқ инвестициялық жобаларды субсидиялауды тоқтату туралы ұсыным әзірледі.

Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжатынсыз салынған 19 жылыжай кешені бар. Оның бесеуінің құрылысы аяқталғалы тұр. Осы нысандар  бойынша фермерлер заңсыздықты жойып, субсидияның бағасын есептеу үшін сараптама жүргізу жолымен жобаның және оған құйылған қаражаттың құнын айқындауға тиіс.

Бұл іс бизнес нысандарын сақтауға және мәселені аз шығынмен шешуге ықпал етеді.

Рустам Жүрсінов


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

 

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу