Қыркүйекке қарай бір АҚШ валютасы 485-490 теңгеге жетуі мүмкін

Қыркүйекте инфляция да артуы мүмкін.

Қыркүйекке қарай бір АҚШ валютасы 485-490 теңгеге жетуі мүмкін

Теңге бағамы мұнай бағасының төмендеуінен кейін құлдырады. Нақты құлдырау рубльмен байланысты болған. Қазіргі жағдайда базалық мөлшерлемені төмендету туралы айтуға да болмайды. Коммуналдық қызметтер, газ және жанармай бағасы көтерілгеннен кейін, қыркүйекте инфляция да артуы мүмкін.

Қыркүйекке қарай бір АҚШ валютасы 485-490 теңгеге жетуі мүмкін. Бұл – ең жоғары меже. Жағдай 1 долларға 500 теңге көрсеткішіне дейін үдей қоймас. Тек мұнай бағасы да құлдырап, сыртқы экономикалық жағдайлар төмен динамика көрсетсе ғана мұндай қатер бар.

Сондай-ақ қазіргі жағдайға ықпал етіп отырған бірнеше фактор бар. 

Біз ағымдағы шоттың тапшылығын, экспорттың төмендеуін және импорттың ұлғаюын көріп отырмыз. Сондай-ақ, үкімет шығындарды көбейтуді жалғастыруда, сондықтан бюджет тапшылығы бар. Қорыта келсек, мәліметтер тек бір ғана нәрсені айтады, ол айырбас бағамы рубльдің ізімен төмендейді
 

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу