Қытайдағы қазақстандық студенттердің саны соңғы жылдары 11 мыңнан асты

3011

Дипломатиялық қатынастардың 30 жылында білім беру ынтымақтастығы Қазақстан-Қытай өзара іс-қимылының мәдени-гуманитарлық блогының жетекші бағытына айналды.  

Қытайдағы қазақстандық студенттердің саны соңғы жылдары 11 мыңнан асты

Оның екіжақты қатынастарды нығайту мен дамыту жолында алатын орны ерекше, өйткені бірқатар басқа салалармен салыстырғанда, білім беру мен ғылыми-білім беру ынтымақтастығы адами әлеуетті дамытуды ғана емес, сонымен қатар өндірістен қаржыға дейін, инфрақұрылымдық жобалардан қоршаған ортаны қорғауға дейінгі барлық басқа салада дамуға жағдай туғызатын мультипликативті әсер береді.

Сонымен қатар, білім берудегі белсенді қарым-қатынас көршілес екі елдің тату-тәтті өмір сүруі үшін берік негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі көршінің мәдениетін, тілін, дәстүрлерін терең түсінетін адамдар болашақта жылдар бойы екі елдің барлық саладағы ынтымақтастығының құрылысшысы болады, ал олардың білімі мен тәжірибесі фобия мен түсінбеушіліктің туындамауына кепіл болады.

Екіжақты ынтымақтастық

Қытай мен Қазақстанның білім саласындағы ынтымақтастығы дипломатиялық қатынастар орнағаннан кейін бірден дами бастады, 1992 жылы Шыңжаң Филология институты (Үрімші қаласы) мен Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Өскемен қаласы) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Алайда 1990 жылдардың аяғына дейін студенттер алмасуы тұрақты болғанымен, көрші елге оқуға баратын жастардың саны жиырмадан аспады.

Студенттермен алмасу 2000 жылдардан бастан жандана бастады. 2003 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Бұл Келісім екіжақты білім беру ынтымақтастығы тетіктерінің базалық стандарттарын берді. Сондай-ақ, осы келіссөздер шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында білім беру саласындағы жобаларды іске асыру үшін Қазақстанға 20 млн юань сомасында өтеусіз көмек беру туралы хат алмасу түріндегі келісімге қол қойылды.

Білім беру саласындағы ынтымақтастықтың берік әрі ұзақ мерзімді негізін 2006 жылы қол жеткізілген Білім және ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара қабылдау туралы уағдаластық қалады.

2009 жылдың сәуірінде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚХР білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды, онда алмасу бойынша студенттер санын 100 адамға дейін арттыруды көзделген.

Одан бөлек ҚР мен ҚХР арасындағы білім беру байланыстары ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы арасындағы 2011 жылғы 15 маусымдағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімде (CNPC магистратура бағдарламасы бойынша оқуға 15 грант бөледі), сондай-ақ ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы 2015 жылғы 31 тамызда қабылданған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімде көрініс тапты.

Көпжақты формат

Екіжақты құжаттардан басқа, Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру саласындағы өзара іс-қимылды дамыту көпжақты форматтар шеңберінде жүзеге асырылды. Мәселен, 2007 жылғы 16 тамызда ШЫҰ мемлекет басшыларының Бішкек саммитінде Ресей Федерациясының президенті В. Путин ШЫҰ университетін құру туралы бастама көтерді.

ШЫҰУ аясында ынтымақтастық ШЫҰ-ның барлық елімен жүзеге асырылады. Қытайда ШЫҰУ 20 университет (оның ішінде еліміздің жетекші жоғары оқу орындары), ал Қазақстанда – 14 университет базасында жұмыс істейді. Аталмыш университеттер "Нанотехнология", "Экология", "Энергетика", "IT-технологиялар", "Аймақтану", "Педагогика", "Экономика" бағыттары бойынша болашақ мамандарды бірлесіп дайындайды.

Қытай мен Қазақстан арасындағы білім беру байланыстарын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін "Бір белдеу, бір жол" бастамасы құрды. 2013 жылдың күзінде ҚХР басшылығы алдағы 10 жыл ішінде Қазақстандағы Конфуций институттарының 10 000 студенттері мен оқытушыларына 30 000 мемлекеттік оқу және біліктілікті арттыру гранттарын бөлуге дайын екендігін білдірді.

Сонымен қатар, Қытай мен Қазақстан білім беру саласындағы басқа да өңірлік ұйымдар мен платформалар шеңберінде белсенді әрекет етеді. 2015 жылдың мамырында қытайлық "Бір белдеу, бір жол" жобасын жүзеге асыру аясында Сиань Цзяотун университеті жаңа Жібек жолының университеттік Альянсын құруға бастамашы болды. Жаңа Жібек жолы университетінің Альянсы - The University Alliance of the New Silk Road (UANSR) - жоғары білім берудегі ашықтық пен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтік емес әрі коммерциялық емес ұйым. Альянстың негізгі міндеттеріне университеттер арасындағы студенттердің алмасу бағдарламаларын жетілдіру мен Альянс шеңберіндегі елдер халықтары арасындағы мәдени қарым-қатынасты дамыту мен достықты нығайту жатады.

Альянс Назарбаев университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, И.Арабаев ат.ындағы ҚМУ мен Харбин технологоиялық институты, Гонконг политехникалық университеті мен басқа да елдердің оқу орындарын біріктіреді.

Конфуций институттары

Екіжақты өзара іс-қимылдың 30 жылында Қазақстанда Конфуцийдің бес Институты құрылды. Конфуций институттары - ҚХР білім министрлігінің шетелде қытай тілін тарату жөніндегі мемлекеттік кеңсесі шетелдік синологиялық орталықтармен бірлесіп құратын халықаралық мәдени-білім беру орталықтарының желісі. Конфуций институттарының әрқайсысының ҚХР-да өзінің серіктес университеті бар.

Конфуцийдің қазақстандық институттарына келетін болсақ, төменде олардың ашылу хронологиясы келтірілген:

  • 2007 ж. - Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында, Астана қ. (серіктес ЖОО - Сиань шет тілдер университеті);
  • 2009 ж.- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында, Алматы қ. (серіктес ЖОО – Ланьчжоу университеті);
  • 2011 ж. - Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының базасында, Ақтөбе қ. (серіктестік ЖОО - Шыңжаң Қаржы университеті);
  • 2012 ж. – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің базасында, Қарағанды қ. (серіктестік ЖОО - Шихэцзы университеті);
  • 2016 ж. - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында, Алматы қ. (серіктестік ЖОО - Оңтүстік-Батыс университеті, Чунцин қ.).

Конфуций институттарының қызметі келесі негізгі бағыттарды қамтиды: барлық тілек білдірген жастарға қытай тілі курстарын ұйымдастыру мен қытай мәдениетімен таныстыру; Қытайға арналған ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізу; Қытайда студенттік және оқытушылық тағылымдамаларды ұйымдастыру.

Конфуций институттары қызметінің маңызды аспектісі – қытай тілі бойынша біліктілік тестін (HSK) өткізу, соңғы жылдары эпидемиологиялық жағдайға байланысты ол онлайн форматта өткізіліп келеді.

Сондай-ақ, Конфуций институттарының жұмысының мақсаттарының бірі -  "екі ел арасындағы мәдениет, білім, туризм, менеджмент пен сервис саласындағы алмасу мен ынтымақтастықты ынталандыру".

Қытайдағы қазақстандық студенттер

Қытай соңғы жылдары Азияның жетекші білім беру державасы болу мақсатына жетті. 2018 жылдың мәліметтері бойынша, ҚХР шетелден келіп білім алатын студенттер саны бойынша АҚШ пен Ұлыбританиядан кейін әлемде үшінші орында тұр. 2008 жылы Қытай шетелдік студенттерді қабылдайтын елдер арасында алғашқы тіпті ондыққа кірмегенін ескерсек, мұндай жетістік ешкімді бей-жай қалдырмайтыны рас. Халықаралық білім беру институтының мәліметі бойынша, 2018 жылы шетелде білім алатын барлық 5,3 миллион студенттің 9%-ы ҚХР-ды таңдаған.

Сандық көрсеткіштерден басқа, Қытай соңғы жылдары сапалық параметрлерді де арттыруда. Дәлірек айтсақ, Қытайдың бес университеті World University Rankings рейтингінде топ-100-ге көтерілді. Ал Цинхуа университеті -  қазір әлемдегі ең мықты 20 университеттің қатарына енген алғашқы Азиялық университет.

 

Қытайдағы қазақстандық студенттердің саны соңғы жылдары 10 мың адамға жетті. Салыстыру үшін, жалпы халқы ҚР-дан 10 есе көп Ресейден келетін студенттер саны 20 мыңға жуық қана. 2018 жылы Қазақстан ҚХР-дағы студенттер саны бойынша 10-орынға тұрақтады (2-суретті қараңыз), қытай тарапының есептеулері бойынша олардың саны 11784 адамды құрады.

Сонымен қатар, басқа дереккөздерде жарияланған деректер бұл статистикадан өзгеше болуы мүмкін. Мәселен, ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Гэн Липин ханым 2020 жылдың ақпан айында ҚХР-дағы қазақстандық студенттер саны 15 мыңға жуықтағанын айтты.

ҚХР-да білім берудің тартымдылығын қалыптастыратын факторлар

Қытайда жоғары білім алудың тартымдылығы қазақстандықтар үшін мынадай факторларға байланысты:

  • Қытайлық білім берудің өсіп келе жатқан сапасы, мамандықтар спектрі мен халықаралық орта;
  • Қаржылық жағынан оқу бағасы Еуропаның, АҚШ-тың және дамыған Азия елдерінің жоғары оқу орындарында төмен, тіпті Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарымен салыстырғанда арзан;
  • Қытайдың аумақтық жақындығы мен қауіпсіздігі университеттер аумағында ыңғайлы өмір сүру әдемі үйлесімін тапқан.
  • Оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру талап етілмейтіндіктен, өз күшіне сенімсіз мектеп оқушылары үшін керемет мүмкіндік.

Қазіргі жағдай мен болашақ перспективалар

Қытайда бірнеше жылдан бері "Қазақстан орталықтары" жұмыс істеп келеді, олардың негізінде қазақ тілі кафедралары мен бөлімшелері жұмыс істейді, ғылыми-білім беру және мәдени іс-шаралар өткізіледі. Мәселен, 2015 жылғы қарашада Шанхай шет тілдер университетінде, ал 2016 жылғы қаңтарда Далянь шет тілдер университетінде тұңғыш "Қазақстан орталығы" ашылды. 2016 жылдың қазан айында Пекин шет тілдер университетінде (ПУ) "қазақ тілі және елтану" мамандығы бойынша студенттерді алғашқы қабылдау жүзеге асырылды, сондай-ақ "Қазақстан орталығының" практикалық жұмысы басталды. 2017 жылы Сиань шет тілдер университетінде Қазақстанды зерттеу орталығы мен Қазақ тілі кафедрасының ашылуы өтті.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру өзара іс-қимылы көбіне онлайн-кеңістікке көшті. Қазақстандық студенттер қытай жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқуды жалғастыруда. Сондай-ақ, 2020 жылы Қытайдың Қазақстандағы елшілігі қытай тілі бойынша жазғы курс, "Бір белдеу, бір жол" қысқаметражды бейнероликтер байқауы, екі елдің желі пайдаланушылары жылы қарсы алған "Жібек жолы бұлты" қытайлық әндер байқауы сияқты бірқатар мәдени онлайн-іс-шараларды өткізді.

ҚХР-дың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо атап өткендей, "екі елден келген шетелдік студенттер "мектепке бармай-ақ үздіксіз оқу" деңгейіне жету үшін онлайн-курстар арқылы тілдік және мәдени білім алады. Қазақстандағы "қытай тіліне деген қызығушылық" ал Қытайда "қазақ тілі маниясы" өсуде. Жақында Қазақстанда "қытай тілі көпірі" олимпиадасы өтті, онда қытай тілін үйреніп жатқан қазақстандық студенттердің өнерлері әлемнің түкпір-түкпірінен келген ойыншыларды тәнті етіп, қытайлықтарды таң қалдырды. Қазақстандық балалар "ШЫҰ мәдениетінің кішкентай елшілері" мен "Ертегі жұлдыздары" атақтарына ие болып, Қытай мен Қазақстан, ШЫҰ отбасы арасындағы достықтың жас елшілері айналды.

Дипломатиялық қатынастар жылдарында Қазақстан мен Қытайдың білім беру ынтымақтастығы орасан зор жетістіктерге жетті. Бір-бірімен он шақты ғана студент алмасудан басталған серіктестік біртіндеп білім алуға әрі көршісінің ең прогрессивті тәжірибесін қабылдауға дайын мыңдаған жастарды қамтыды. Онлайн-кеңістікке мәжбүрлі түрде кету білім беру өзара іс-қимылының жаңа нысандары мен форматтарын игеруге мүмкіндік берді, бұл пандемияның қиын кезеңін артта қалдырған уақытта біздің елдеріміздің ынтымақтастығына тек пайда әкелмесе, зиянын тигізбейді.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу