Ресейдегі жағдайлардың Қазақстанға ешқандай оптимистік әсері болмайды

1172

Ресейдегі ішінара жұмылдыру және ондағы әскери-өнеркәсіптік кешенді дамыту басымдығы Қазақстанға экономикасына қалай әсер етеді?  

Ресейдегі жағдайлардың Қазақстанға ешқандай оптимистік әсері болмайды

Ресейдің қазіргі уақытта бюджет шығындары өсіп бара жатыр. Айтарлықтай. Кейінгі айда Ресей билігі бюджет шығынын дефицитпен жапқан. Яғни алдағы уақытта да бюджет дефициті Ресейде қатты өсетіні анық. Антиресейлік санкциялар да күшейеді. Осының бәрі бірден әсерін білдірмеуі мүмкін. Алайда жалпы бұл қадамның өзі Ресейдегі инфляцияның күшейіп, өндірістің азаюына, бір сөзбен жағымсыз салдарға апарып соғады.

Әскери-өнеркәсіптік кешен Ресейде өседі, әлбетте. Бірақ басқа салалар керісінше, құрдымға кете береді. Олар ең алдымен ресурстардың жетіспеушілігін сезеді. Ресейдегі осы жағдайлар Қазақстанға тікелей емес, жанама әсер етері анық. Біз Ресейден импортты көп әкелеміз. Алайда осыдан кейін импорт азаяды.

Егер отандық өндірушілер бәсекеге қабілетті тауарды шығара алатын болса, онда олар баяғыда-ақ оны өндірер еді. Егер олар бұрыннан бері отандық сапалы өндірісті жолға қоя алмаса, кенет ояна кетеді дегенге сенбеймін. Олай болмайды. Қалыпты бәсекелік ортада жұмыс істей алмаса қиын. Сондықтан, импортты осы жолмен алмастырамыз деген әңгіме ертегіге ұқсайды.

Қазақстанның тауар өндірушілері Ресейдің шұжығын ығыстыра алғанымен, әртүрлі техникалар мен химикаттарға келгенде бәрібір шет елдерге жүгінеді. Екіншіден, Ресейдің саяси басшылары Қазақстанның басшылығына қатысты қандай саяат жүргізетіні белгісіз. Олар бізге қандай да бір саяси қысым жасай ма, жоқ па? Каспий құбырын қайта жаба ма, жоқ па? Біз оны білмейміз. Соғыс жағдайында оптимистік ешқандай көзқарас таныта алмайды екенмін. Жағымды ештеңе күтпеймін.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу