696 млн жазылушысы бар парақша Қазақстанның сұлу табиғатын паш ететін бейне жариялады

Видео авторы – қазақстандық саяхатшы-блогер Дастан Мұхамедрахим. 

696 млн жазылушысы бар парақша Қазақстанның сұлу табиғатын паш ететін бейне жариялады Фото: коллаж: inbusiness.kz

Бейнежазбаны дүниежүзіндегі ең көп жазылушысы бар аккаунт саналатын Instagram-ның ресми парақшасы жариялаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Видеода Қазақстанның кең даласы бейнеленіп, жазбасы да еліміздің әсемдігіне бағытталған. 
"Қазақстанның кең даласында еркін серуендеп жүрмін" (Frolicking in the fields of Kazakhstan) делінген онда. 

Айта кетейік, Instagram-ның ресми парақшасының 696 миллион жазылушысы бар. Ондағы видеолар орта есеппен кемі 100 миллион қаралым жинайды. Қазақстанның ғажайып табиғаты бейнеленген ролик осы кездің өзінде 39 миллионнан асты. Видеоның салынғанына әлі 12 сағат ғана өткенін ескерсек, 100 миллиондық белесті оңай бағындыратыны сөзсіз. 

Дастан Мұхамедрахим еліміздің табиғи сұлулығын жер-жаһанға танытып жүрген саяхатшы-блогер саналады. Оның парақшасында Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалы, Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Алматы облысының көрікті жерлерінен түсірілген көрсең көз тоярлық бейнежазбалар жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу