banner

Валюта болжамы: 11сәуір -15 сәуір

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
445,875

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
12.4.2022
435-450
Forex Club
12.4.2022
435-443
DAMU Capital Management
12.4.2022
440-460
SoftLink
12.4.2022
442-462
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,605

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
12.4.2022
5,70-6,00
Forex Club
12.4.2022
5,3-5,7
DAMU Capital Management
12.4.2022
5,2-5,5
SoftLink
12.4.2022
5,44-6
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
506,375

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
12.4.2022
475-490
Forex Club
12.4.2022
558-561
DAMU Capital Management
12.4.2022
480-510
SoftLink
12.4.2022
481-496
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
69,200

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
12.4.2022
70,00-72,00
Forex Club
12.4.2022
65-69
DAMU Capital Management
12.4.2022
65-70
SoftLink
12.4.2022
69,3-73,3

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (11сәуір -15 сәуір).

 

11сәуір -15 сәуір

 

4 сәуір - 8 сәуірге арналған валюта болжамы

 

 

 

Геосаяси жаңалықтар –теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамын айқындайтын негізгі фактор. Inbusiness.kz порталында өз болжамын жариялаған сарапшылар Ресейге қарсы санкциялардың макроэкономикаға әсерін, АҚШ ФРЖ-нің алдағы шешімдерін және Ресей Федерациясы Орталық банкінің негізгі мөлшерлемені төмендету туралы шешімін сөз етті. Теңге бағамына энергия көздерінің бағасы да айтарлықтай ықпал етуде. 

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Андрей Маслов,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:

11сәуір -15 сәуір8 сәуірде аяқталған аптада теңгенің рубльдан басқа валюталарға қатысты бағамы нығайды.  Қазақстандық валюта 24 ақпанға дейінгі көрсеткіштерге оралды. Еуро бағамы әдеттегі деңгейде, яғни 480 теңге деңгейінде тұр. АҚШ доллары FOMC отырысының хаттамасы жарияланғаннан кейін соңғы екі жылдағы максимумға жетті. Ресей рублі Украинадағы соғыс басталғанға дейінгі деңгейге оралды. Бұған импорттың күрт төмендеуі, сондай-ақ "Сбербанк" пен Альфа-Банктің санкцияларға ұшырауы әсер етті. Осыған орай РФ-ның Орталық Банкі экономикаға қолдау көрсету үшін мөлшерлемені 17%-ға дейін төмендетті. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 435-450 теңге, бір еуро 475-490 теңге, бір рубль 5,70-6,00 теңге, бір юань 70,00-72,00 теңге болады.

 

 

 

 

Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скауты:

11сәуір -15 сәуірӨткен аптада Қазақстан қор биржасында теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы мұнайдың қымбаттауы мен Ресей рублі бағамының өсуі аясында айтарлықтай нығая түсті. Теңгеге Brent маркалы мұнай баррелінің 110 долларға сатылуы оң әсерін тигізіп отыр. S&P халықаралық рейтингтік агенттігінің Қазақстанның кредиттік рейтингісін тұрақты болжаммен "BBB-/А-3" деңгейінде растауы ұлттық валюта үшін оң фактор болды. Сонымен қатар Қазақстан экономиканың өсу болжамын ағымдағы жылы 3,9%-дан 2,1%-ға дейін, сондай-ақ мұнай өндіру болжамын 2022 жылы 87,5 млн тоннадан 85,7 млн тоннаға дейін төмендетті. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 435-443 теңге, бір еуро 558-561 теңге, бір юань 65-69 теңге, бір рубль 5,3-5,7 теңге деңгейінде болады. 

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, аналитик SoftLink:

11сәуір -15 сәуірӨткен аптада теңгенің барлық валюталарға қатысты бағамы нығайды. Рубльға қатысты бағамы өзгерген жоқ. Мұнайдың бағасы екі апта қатарынан төмендеуде, бірақ бұл теңгеге теріс әсер еткен жоқ. Алайда қазақстандық валютаның нығаю қарқыны бәсеңдеуі әбден мүмкін. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкіметтің отырысында 2022 жылға арналған экономикалық даму болжамындағы өзгерістерді атап өтті. Оның айтуынша, Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы жыл басынан бері 98 долларды құрады. Қаңтар және ақпан айларында ЖІӨ 3,5%-ға өсті. Қазақстандағы экономикалық өсім 2022 жылы бұрын болжанғандай 3,5% емес, тек 2,1%-ды құрауы мүмкін. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 442-462 теңге, бір еуро 481-496 теңге, бір рубль 5,44-6 теңге, бір юань 69,9-73,3 теңге болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

Мұрат Қастаев, "DAMU Capital Management" ЖШС бас директоры:

11сәуір -15 сәуірГеосаяси ахуал – нарыққа әсер етіп отырған негізгі фактор. Бір апта ішінде мұнай баррелінің бағасы 109 доллардан 103 долларға дейін төмендеді. Оған ықпал еткен фактор – Шанхайда коронавирустың өршуі мен соған байланысты енгізілген шектеулер. Украинадағы жағдай және Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Еуропалық Одақ пен АҚШ экономикасының өсу әлеуеті едәуір төмендеді. Қазіргі уақытта Қытай – шикізатқа деген жоғары сұранысты сақталған жалғыз ірі нарық. Қытайда шикізат тұтынуының баяулауы мұнай бағасына қатты әсер етуі мүмкін. Еуропада ЕО елдері мен НАТО Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдатуда, ал Германия бір айдың ішінде ресейлік мұнай мен газға тәуелділікті 1/3 қысқартты. Егер Еуропаның ең ірі экономикасы саналатын Германия бұған қол жеткізе алса, қалғандары мұндай қадамға бара алады. Келесі аптада бір доллар 440-460 теңге, бір еуро 480-510 теңге, бір юань 65-70 теңге, бір рубль 5,2-5,5 теңге болады деп ойлаймын.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу