banner

Валюта болжамы: 14 ақпан -18 ақпан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
430,200

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
14.2.2022
427-433
ГК «ФИНАМ»
14.2.2022
427-432
Forex Club
14.2.2022
430-433
SoftLink
14.2.2022
426-434
Swissquote Bank
14.2.2022
427-433
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,754

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
14.2.2022
5,60-5,85
ГК «ФИНАМ»
14.2.2022
5,60-5,85
Forex Club
14.2.2022
5,8-6,1
SoftLink
14.2.2022
5,5-5,74
Swissquote Bank
14.2.2022
5,7-5,8
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
493,100

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
14.2.2022
490-500
ГК «ФИНАМ»
14.2.2022
487-495
Forex Club
14.2.2022
497-500
SoftLink
14.2.2022
481-498
Swissquote Bank
14.2.2022
488-495
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
67,220

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
14.2.2022
66-67
ГК «ФИНАМ»
14.2.2022
67,00-68,00
Forex Club
14.2.2022
67,4-67,9
SoftLink
14.2.2022
67-67,9
Swissquote Bank
14.2.2022
66-68

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (14 ақпан-18 ақпан).

14 ақпан -18 ақпан

 

7 ақпан-11 ақпанға арналған валюта болжамы

 

 

Мұнай бағасы мен доллардың өзгеруі әдеттегідей теңге бағамының қалыптасуына әсер етуде. Inbusiness.kz сарапшылары мұнай бағасының рекордтық деңгейге жеткенін, АҚШ-тағы соңғы 40 жылдағы рекордтық инфляция туралы деректерді атап өтті. Сондай-ақ ФРЖ-ның агрессивті ақша-несие саясатын жүргізетінін назардан тыс қалдырмады. Сарапшылар ҚР Ұлттық Банкінің теңгені нығайту жөніндегі жұмысын, сондай-ақ реттеуші басшысының 2022 жылғы инфляция бойынша бағалауды қайта қарау және негізгі мөлшерлемені көтеру туралы хабарламасын сөз етті

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, "Альпари" аға сарапшысы:

14 ақпан -18 ақпанТеңге соңғы төрт айдағы көрсеткіштермен салыстырғанда қазір тұрақты болып көрінеді. Бұған ҚР Ұлттық Банкінің монетарлық стратегиясы мен нарықтық факторлар әсер еткен болуы мүмкін. Теңге бағамы үшін  мұнай бағасы маңызды болып қала береді. Қазір Brent баррелі 90-93 долларға саудалануда, бұл – қазақстандық валюта үшін өте жағымды фактор. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 427-433 теңге, бір еуро 490-500 теңге, бір рубль 5,60-5,85 теңге, бір юань 66-67 теңге болады. 

 

 

 

 

 

Андрей Маслов,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:

14 ақпан -18 ақпан11 ақпанда аяқталған аптада теңгенің рубльдан басқа барлық валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған Brent сұрыпты мұнай баррелі бағасының 2014 жылдан бері алғаш рет 96 доллардан асуы, ОПЕК+ альянсының бір күндік өндіріс көлемін 400 мың баррель көлемінде сақтауы, картельге мүше елдерде мұнай өндіру саласына инвестициялардың жеткіліксіздігі сияқты факторлар әсер етті. АҚШ-тағы инфляция қаңтар айында 7,5%-ға дейін өскеннен кейін, сарапшылар мен инвесторлар ФРЖ мөлшерлемені 2022 жылдың наурыз айында көтеруі мүмкін деп топшылап отыр. Рубль өткен аптада теңгеге қатысты нығайған жалғыз валюта болды. Жалпы, Ресей мен Батыс арасындағы шиеленіс басылғанымен, АҚШ пен Еуропа Украинадағы жағдайға әлі де алаңдаулы. ҚР ҰБ жаңа басшысы Ғалымжан Пірматов реттеушінің негізгі мөлшерлемені 10,25%-ға дейін көтеруі инфляцияның 2022 жылдың соңына қарай 6,0-6,5%-ға оралуына ықпал ететінін мәлім етті. Оның айтуынша, реттеуші ағымдағы жылғы инфляция бойынша бағаларды қайта қарайды. Премьер-министр Әлихан Смайылов ҚР-да ЖІӨ 2021 жылы 4%-ға өскенін хабарлады. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 427-432 теңге, бір еуро 487-495 теңге, бір рубль 5,60-5,85 теңге, бір юань 67,00-68,60 теңге болады. 

 

 

 

 

Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скауты:

14 ақпан -18 ақпанЖұма күні әлемдік валюта нарығында доллар бағамының нығаюы салдарынан Қазақстан қор биржасында теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы айтарлықтай әлсіреді. Ұлттық валюта бағамының төмендеуіне АҚШ-тағы соңғы 40 жылдағы рекордтық инфляция туралы деректер жарияланғаннан кейін доллар бағамының негізгі валюталарға қарсы бағамының күрт өсіп, артынан мұнайдың арзандауы ықпал етті. Көрсеткіш қаңтар айында 7,5%-ды құрады, бұл 1982 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Нарық қатысушыларының ойынша, бұл фактор АҚШ Федералды резервтік жүйесін базалық пайыздық мөлшерлемені тезірек көтеруге итермелеуі мүмкін. Келесі аптада бір доллар 430-433 теңге, бір еуро 497-500 теңге, бір юань 67,4-67,9 теңге, бір рубль 5,8-6,1 теңге болады деп ойлаймын. 

 

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

14 ақпан -18 ақпанӨткен аптада теңге бағамы барлық негізгі валюталарға қатысты нығайды. Бұған мұнай және басқа да шикізат бағаларының өсуі ықпал етті. Сондай-ақ АҚШ-та (+7,5%) және Еуроодақта (+5,1% ) рекордтық инфляция тіркелді,  бұл доллар мен еуро динамикасына теріс әсерін тигізді. ФРЖ ставкасы небәры 0,25%, ал ЕОБ-тыкі нөлге тең. Яғни нақты кірістілік негативті болып табылады. Fitch Ratings агенттігінің Қазақстанның кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растауы теңге үшін оң ықпал етті. Fitch қазақстандық ЖІӨ 2022 жылы 3,9%-ға дейін өсіп, инфляция 7%-ға дейін төмендейді деп топшылап отыр. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов биыл ЖІӨ 4,2%ға дейін өсіп, инфляция 6%-ға дейін төмендейді деп мәлім етті. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 426-434 теңге, бір еуро 481-498 теңге, бір рубль 5,5-5,74 теңге, бір юань 67-67,9 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу