Валюта болжамы: 14 наурыз-18 наурыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
520,000

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
11.3.2022
520-540
Forex Club
11.3.2022
510-515
SoftLink
11.3.2022
508-527
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
4,408

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
11.3.2022
3,75-4,85
Forex Club
11.3.2022
4-4,5
SoftLink
11.3.2022
4,35-5
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
575,833

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
11.3.2022
570-590
Forex Club
11.3.2022
579-582
SoftLink
11.3.2022
556-578
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
83,000

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
11.3.2022
78-90
Forex Club
11.3.2022
81-85
SoftLink
11.3.2022
80-84

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (14-18 наурыз).

 

14 наурыз-18 наурыз

 

7-11 наурызға арналған валюта болжамы

 

 

 

Макроэкономикалық факторлар мен геосаяси қатерлер – қазақстандық валюта бағамының қалыптасуына әсер етіп отырған негізгі факторлар. Inbusiness.kz порталында өз болжамын жариялаған сарапшылардың назары қазір Украинаның төңірегіндегі жағдайда. Олар Ресейге қарсы салынған санкциялардың экономикаға әсері және рубльдің өзгеруін бақылауда. Сондай-ақ олар ҚР Ұлттық Банкінің валюталық интервенция жүргізгенін, қолма-қол доллар тапшылығы мен жеткізу тізбегіндегі мәселелерді атап өтті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:


 

 

Андрей Маслов,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:

14 наурыз-18 наурызҚазақстандық валютаның барлық негізгі валюталарға қатысты құлдырауды жалғасуда. Дегенмен қақтығыстың бірінші аптасымен салыстырғанда құлдырау қарқыны баяулады. Украина аумағында ұрыс екінші аптада жалғасуда. Ресей экономикасы санкциялар енгізілгеннен кейін, көптеген халықаралық бизнестің елден кетуінен кейін өте қиынға жағдайға тап болды. Ресей Федерациясының егеменді рейтингі "дефолтқа дейінгі" көрсеткішке дейін төмендеді. ҚР Ресей Федерациясының маңызды сауда және әскери серіктесі болып қала береді, бірақ қазір Қазақстан бейтарап позицияны ұстанып отыр. Батыстың санкциялары елімізге салынбады. Алайда рубльдің күрт құлдырауына байланысты теңге де әлсірей түсуде. БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстанда доллар тапшылығы байқалуда. ҚР ҰБ бұл жағдайға байланысты мәлімдеме жасамады. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 520-540 теңге, бір еуро 570-590 теңге, бір рубль 3,75-4,85 теңге, бір юань 78-90 теңге болуы мүмкін.

 

 

Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скауты:

14 наурыз-18 наурызТеңге бағамы осы аптада әлсіреді, бірақ құлдырау қарқыны бәсеңдеді. Геосаяси қатерлер –  ұлттық валютаға қысым жасап отырған негізгі фактор. Қазақстанның Ұлттық Банкі теңгеге қолдау көрсетуін жалғастыруда. Дегенмен қаржылық реттеуші теңгенің белгіленген айырбас бағамына көшу мүмкіндігін қарастырмайтынын мәлімдеді. Банк бағамның өзгерістеріне кедергі жасамауды жоспарлап отыр, бірақ валюталық интервенцияның көмегімен шамадан тыс құбылмалылықты тежемек. Мысалы, сәрсенбіде Ұлттық банк нарықта $199 млн сатты, бұл жалпы сауда көлемінің 94%-дан астамын құрады. Реттеуші сондай-ақ базалық мөлшерлемені 13,5% деңгейінде қалдырды, әлі өзгертпеді. Келесі аптада бір доллар 510-515 теңге, бір еуро 579-582 теңге, бір юань 81-85 теңге, бір рубль 4-4,5 теңге болады деп ойлаймын. 

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, аналитик SoftLink:

14 наурыз-18 наурызӨткен аптада теңгенің барлық валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бірақ оның қарқыны баяулауда. Теңге сәл де болса нығаюы ықтимал. Өткен аптада АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларының Қазақстан экономикасына теріс әсерін азайту мақсатында қазақстандық-америкалық онлайн-консультациялары өткізілді. Ұлттық банк өткен аптада теңгені қолдауға бағытталған валюталық интервенциялар жүргізді. Олар $422 млн немесе қазақстандық биржадағы сауда айналымының 60%-ын құрады. Ұлттық банк қолма-қол валютаны сатуға қандай да бір шектеулердің жоқ екенін мәлімдеді. Яғни банкноттардың жетіспеушілігі уақытша құбылыс болуы мүмкін. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 508-527 теңге, бір еуро 556-578 теңге, бір рубль 4,35-5 теңге, бір юань 80-84 теңге болуы мүмкін.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу