Валюта болжамы: 22 – 26 мамыр

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel  оқырмандарға алдағы аптаға (22-26 мамыр аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.

22 – 26 мамыр 22-26 мамырға арналған валюта болжамы

25 мамырда Венада өтетін МЭЕҰ+ елдерінің кезекті отырысы алдағы аптаның маңызды оқиғасына айналады. Сарапшылардың көпшілігі отырыста мұнай өндіруді қысқарту мерзімін одан әрі ұзарту туралы шешім қабылданады деген пікірде. Сарапшыларды ойынша, осының арқасында «қара алтынның» бағасы жақсы динамиканы көрсетеді және келесі аптада өсуін жалғастырады, тіпті Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 55 доллар деңгейіне де жетуі ықтимал.  Бұл өз кезегінде теңге мен рубльдің нығаюына жол ашады.

Одан бөлек алдағы аптада салық аптасының басталуы, сондай-ақ АҚШ-та маңызды макроэкономикалық статистиканың жариялануы да теңгеге қолдау көрсетеді. Ойыншылардың пікірін толығырақ abctv.kz дайындаған сарапшылардың кезекті сауалнамасынан оқи аласыз.

 

Анна Бодрова, «Альпари» компаниясының бас сарапшысы:

22 – 26 мамырКелесі аптада теңгенің жағдайы әлемдік инвесторлардың тәуекелге бел бууынан және энергия тасымалдаушылардың бағасына байланысты болады. Мамыр айында капитал нарығы геосаяси қатерлерге бойсұнбайды, дамушы экономикалардың валюталары арзандайды, ал сұраныс қорғаныс активтеріне ауысады.

Алайда қазақстандық валютаға келер болсақ, не дегенмен инвесторлар мұнай құнын негізгі фактор ретінде қарап отыр, ал ол қымбаттап келеді.

Кезекті аптада валюталар бойынша болжамымыз байыпты. АҚШ доллары  311-315 теңге шамасында саудаланады, еуро 341-355 теңге шегінде сақталады. Рубль/теңге жұбы 5,40-5,50 диапазонында тұрақтайды.

Евгений Чекай, «АНАЛИТИКА Онлайн Қазақстан» компаниясының бас қаржылық сарапшысы:

22 – 26 мамырНарықтың қазіргі жағдайында теңгенің долларға қатысты бағамы 311-314 шамасында болады.  Әлем бойынша доллардың әлсіреуі байқалса да, бұл Қазақстанда қатты біліне қоймайды, бұл бізге керек жоқ. Отырысқа дейін мұнай бағасы аздап үзіліс алды және айтарлықтай қозғалыс әзірге күтілмейді. Ал рубльге келетін болсақ,  ол қалыпты бір рубльге 5,3-5,5 теңге шамасында сақталады. Ортамерзімді болашақта рубль долларға қатысты 62-ге дейін әлсірейді деп есептеймін.

 

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестииялық талдау бөлімінің бастығы:

22 – 26 мамырӨткен аптада АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы тар диапазонда қозғалып, төмендеу үрдісі байқалды. Рубльдің әлсіреуі және мұнай нарығындағы құбылмалылық салық аптасының басталуына байланысты ұлттық валютаға еш әсер етпеді деуге болады. Осы айда қазақстандық компаниялар тоқсандық салықтарын төлеуде, бұл теңгенің нығаюына жәрдемдеседі.

Мұнай бағасы 25 мамырда Венада өтетін МЭЕҰ отырысының жақындауына байланысты жағымды динамиканы көрсетіп отыр. Нарық мұнай өндіруді қысқарту мерзімі одан әрі ұзартылады деп күтіп отыр, себебі картелге мүше елдердің өкілдері мұндай мүмкіндік туралы бірнеше рет мәлімдеген. Дональд Трамптың федералды тексеру бюросының бұрынғы басшысы Джеймс Комиден ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесші Майкл Флиннге қатысты тексеруді аяқтауын сұрауы өткен аптаның жайсыз оқиғасы болды. Бұл тәуекелшіл активтерге деген сұранысты төмендетті, оның ішінде дамушы елдердің валюталары да бар.

Алдағы аптаға болжам: USD/KZT жұбы бойынша диапазон – 311-314,  RUB/KZT жұбы бойынша – 5,40-5,55.

Сергей Полыгалов,  TeleTradeCentralAsia сараптамалық тобының басшысы:

22 – 26 мамырКелесі аптада теңге үшін МЭЕҰ+ отырысы мен АҚШ-тағы ішкі саяси жағдайдың тұрақталуы баға түзеуші фактор болады.

Өткен аптада АҚШ доллары қымбаттап келе жатқан мұнай бағасының, экономикалық өсім жылдамдығының төмендеуі жіне президент Трампқа қатысты жанжалдардың әсерінен күрт құнсызданды. Дональд Трамп «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қатысты құпия құжаттарды Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа тапсырды деген сыбыс шығып, алғашқы жанжалдың тууына себеп болды.Тағы бірнеше күннен кейін Трамптың жағдайы одан әрі ушығып кетті – NewYorkTimes Трамптың федералды тексеру бюросының бұрынғы басшысы Джеймс Комиден ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесші Майкл Флиннге қатысты тексеруді тоқтатуын сұрады деген материалды жариялады. Әрине, АҚШ президентінің әкімшілігі бұл әрекетті жоққа шығарып отыр, бірақ жалпы ахуал Трамптың әкімшілігі салық реформасын және денсаулық сақтау реформаларын өткізуде кедергілерге тап болады дегенді көрсетеді, бұл долларға әсер етпей қоймайды.

24-25 мамырда мұнай нарығындағы соңғы белді оқиға МЭЕҰ отырысы өтеді. Кездесуде талқыланатын негізгі сұрақ – өндіріс көлемін қысқарту туралы келісімнің ұзартылуы. Басты мәселе ұзартылу мерзімі мен оған келісетін елдер саны. Келісімді ұзарту – болашақта мұнай нарығының тұрақталуына толық деңгейде әсер ете алмайтын алдын-алу шарасы екенін МЭЕҰ жақсы түсінеді, бірақ келісім ұзартылмаса жағдай одан бетер ушығып кетуі мүмкін. Мәселе алдағы 9 ай туралы болып отыр және келісімге қатысушы елдердің барлығы-дерлік алдын-ала келісімін берді. Бірақ уәде ету оны орындаумен бірдей емес. Бейсенбі күнді күту керек.

МЭЕҰ шешімді жариялағанға дейін нарық қатысушылары мұнай бағасын тұрақты ұстап тұруы ықтимал. Қазірдің өзінде мұнай бағасы бір барреліне (Brent) 53 долларға дейін өсті және одан әрі шамамен 55 долларға жетуі ықтимал.

Осы факторлардың бәрін ескерсек АҚШ долларының жағдайы айтарлықтай жаман емес көрінеді. Сонымен келесі аптада USD/KZT жұбы бір АҚШ долларына 310-313 теңге шамасында орнығуы мүмкін.

Мұнай бағасының өсуі және кезекті салық кезеңінің басталуына орай рубль келесі аптада нығаяды.  Рубльдің бағамы мұнай құнына тәуелді. Мұнай бағасының өсуі ресейлік валютаның нығаюына әкеледі. Себебі келесі аптада нарықта мұнай қымбаттайды деп күтіледі, осыған орай рубльдің бағамы АҚШ долларына қатысты нығаяды. Сонымен қатар әлемдік нарықтарда америкалық доллардың әлсіреуі де рубльге қолдау көрсетеді.

Келесі апта салық төлемдерінің қызыған шағы. Шамамен 1 млрд рубльден астам салық төлемдері экспорттаушылардың үлесіне тиеді. RUB/KZT жұбы бір ресейлік рубльге 5,4-5,6 теңге шамасында саудаланады.

Дархан Лұқпанов, «Цесна Капитал» АҚ сарапшысы:

22 – 26 мамырКелер аптада теңге мен рубльдің бағамына бейсенбі 25 мамырда өтетін МЭЕҰ отырысының нәтижесі үлкен әсер етеді. Әлем бойынша сарапшылардың басым бөлігі келісімді ұзарту туралы шешім қабылданады деген пікірде. Біздің ойымызша, мерзім/көлем бойынша шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін, сондықтан теңгеге қатысты бағам жаман болмайды. Орташа апталық бағамға қатысты біздің болжамымыз USD/KZT бойынша 309-313 құрайды, ал KZT/RUB жұбы бойынша 5,45-5,55.

 

 

Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:

22 – 26 мамырДональд Трампқа тағылған айыпқа байланысты АҚШ-та туындаған саяси оқиғалардың салдарынан доллар айтарлықтай әлсіреді. Мұнай бағасының өсуі де теңгенің нығаюына жол ашты. Сондықтан мен айырбас бағамы бір долларға 310-316 теңге шамасына қайта оралады деп ойлаймын.

Рубльдің теңгеге қатысты бағамы бір рубльге 5,3-5,8 теңге шамасында болады деп күтіледі.

 

 

Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:

22 – 26 мамыр25 мамырда Венада өтетін саммитте МЭЕҰ мүшелері мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімге қол қояды деген жоспар бағаларға қолдау көрсетіп отыр. Біздің пайымдауымызша, мұнай бағасы одан әрі қымбаттап, Brent-тің баррелі   54-55 долларға дейін жетеді. Бұл теңге мен рубльдің нығаюын ынталандырады. Біздің болжамымыз бойынша, доллар 311-313 теңге шамасында саудаланады. Ал рубльдің бағамына келер болсақ, біздің болжамымыз – бір рубльге 5,45-5,55 теңге.

 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:

22 – 26 мамырҚазақстан теңгесінің нығаюы сәл жылдамдады. Менің ойымша, бұған ЖІӨ көрсеткішінің өсуі жәрдемдесуде. 2017 жылдың бірінші тоқсанында ол 3%-ға жетті. 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында ЖІӨ өсімі 3,7%-ға дейін жетті. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, Қазақстандағы экономикалық өсім ең кемі 2019 жылға дейін жалғасады. Теңгенің нығаюына әсер ететін ендігі бір фактор әлемдік нарықтарда мұнай бағасының өсуі. Келер аптадан күтілетін бағам бір АҚШ долларына 309-316 теңге және бір ресейлік рубльге 5,3-5,5 теңге шамасында тұрақтайды.

 

Богдан Зварич, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

22 – 26 мамырАлдағы апта туралы айтар болсақ, теңгенің динамикасына әсер ететін бірнеше факторды бөліп көрсетуге болады. Оның алғашқысы энергия тасмылдаушылар нарығындағы жағдай болып қала бермек, МЭЕҰ+ аясында қол қойылған келісім одан әрі ұзартылады деп күтіледі. Бұл қазақстандық валютаның нығаюына жәрдемдеседі. Бұл ретте АҚШ-тың көмірсутек қоры бойынша мәліметке ойыншалардың баса назар аударып отырғанын айта кету керек.

Екінші фактор – түрлі елдердегі саяси жағдай. АҚШ-тағы саяси шиеленістің өршуі инвесторлардың қауіпті активтерден шығып кетуіне түрткі болуы мүмкін, бұл өз кезегінде «аюлардың» пайдасына шешілер еді.

Сонымен бірге келесі аптада жария болатын макроэкономикалық статистиканы да бөлек қарастыру керек. Бұл статистикалық мәліметтің ішінен тұрғын үй нарығы, ұзақ мерзімді қолданылатын тауарлар, 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы АҚШ ЖІӨ қайта қарауы және Мичиган университеті тұтынушыларының көңіл-күй индексін бөліп алуға болады.

Орын алған жағдайларға байланысты біз доллар бағамы 308 теңгеге дейін төмендейді деп ойлаймыз, ал ресейлік рубль 5,5 теңгеден жоғары көтерілуі мүмкін.

22 – 26 мамыр

 
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу