Валюта болжамы: 25 мамыр – 29 мамыр

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
417,167

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
23.5.2020
410-420
ГК «ФИНАМ»
23.5.2020
413-423
Forex Club
23.5.2020
415-420
Wall Street Invest Partners
23.5.2020
413-418
DAMU Capital Management
23.5.2020
415-425
Gold Mining Capital
23.5.2020
412-422
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,754

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
23.5.2020
5,60-5,95
ГК «ФИНАМ»
23.5.2020
5,65-5,9
Forex Club
23.5.2020
5,6-5,8
Wall Street Invest Partners
23.5.2020
5,75-5,80
DAMU Capital Management
23.5.2020
5,7-5,8
Gold Mining Capital
23.5.2020
5,6-5,9
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
454,333

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
23.5.2020
445-485
ГК «ФИНАМ»
23.5.2020
450-459
Forex Club
23.5.2020
453-456
Wall Street Invest Partners
23.5.2020
452-457
DAMU Capital Management
23.5.2020
440-450
Gold Mining Capital
23.5.2020
448-457
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
58,167

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
23.5.2020
55-65
ГК «ФИНАМ»
23.5.2020
58-60
Forex Club
23.5.2020
56-57
Wall Street Invest Partners
23.5.2020
58-59
DAMU Capital Management
23.5.2020
55-58
Gold Mining Capital
23.5.2020
57-60

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (25 мамыр – 29 мамыр).

25 мамыр – 29 мамыр

 

18 мамыр - 22 мамырға арналған валюта болжамы

 

 

Осы аптада inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленісті сөз етті. Олардың ойынша, қос алпауыт мемлекет арасындағы тартыс мұнай бағасының төмендеуіне әкеліп соғып, теңгенің әлсіреуіне әсер еткен. Мамандар бұл келіспеушілік АҚШ-тағы президенттік сайлауға дейін жалғасуы мүмкін деген пікірде.Дегенмен ОПЕК+ келісімінің орындалуы, бірқатар елде карантиндік шаралардың қысқартылуы сияқты факторлар шикізат нарығына оң ықпалын тигізіп жатыр. Сондай-ақ Ұлттық Банктің Қазақстандағы төлем балансы бойынша алдын ала деректерді жариялауы да болжамда ескерілді.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
25 мамыр – 29 мамырСоңғы уақытта теңгенің долларға қатысты бағамы нығая түсті. Бұған инвесторлардың тәуекел мен мұнай бағасының өсу трендіне деген қызығушылығы түрткі болып отыр. 22 мамырға дейін Brent сұрыпты мұнай құны 34,48 доллар көлемінде саудаланып, шамамен 4%-ға арзандады. Бұл заңдылық. «Қара алтын» шамадан тыс сатылған. Өйткені инвесторлар сұраным мен ұсыным бұрынғы қалпына келеді деген ойда болды. Дегенмен нақты дәйектер жоқ, сондықтан бағалар түсіп жатыр.

Келесі аптада бір доллар 410-420 теңге болуы мүмкін. Ал бір еуро 445-485 теңге, бір рубль 5,60-5,95 теңге, ал бір юань 55-64 теңге болады.

 

 

 

Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

25 мамыр – 29 мамырӨткен сауда қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары нашар нәтиже көрсетті. S&P 500 индексі 0,78%-ға төмендеп, 2948,51 пунктке тірелді. Dow Jones индексі 0,41%-ға кеміп, NASDAQ индексі 0,97%-ға азайды. АҚШ-тың 10-жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі бір базистік пунктке төмендеп 0,67% болды. Германияның 10-жылдық қазынашылық облигациялары да үш базистік пунктке төмендеп, -0,50% болды. Brent cұрыпты мұнай баррелінің бағасы 7,91%-ға көтеріліп, 31,51 долларға жетті. Бұған Ақ үй басшысы Дональд Трамптың сайлау алды науқанында Бейжіңге қарсы саясатты басты ұранына айналдырады деген белгілер түрткі болып отыр. Пандемияның таралуына Қытай кінәлі деген айыптан бөлек, Вашингтон Гонконгтағы жағдайды желеу етіп Бейжіңге санкция салмақ ойда. Оның үстіне АҚШ биржасында қытайлық компаниялардың акцияларын жариялауға тыйым салынуы мүмкін. Қос елдің арасындағы сауда соғысы әлемдік қор нарығына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 413-423 теңге, бір рубль 5,65-5,9 теңге, бір еуро 450-459 теңге, бір юань 59-60 теңге болады.

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС-ның бас директоры:

25 мамыр – 29 мамырBrent сұрыпты мұнай бағасы 33-35 доллар көлемінде саудаланды. Әлемдік мұнай қоры азайып жатыр. Мұнай нарығының тұрақталуы Қазақстанға оң әсерін беріп жатқаны анық. Қазір АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы барлығын алаңдатып отыр. Вашингтон Бейжіңді індеттің таралуына байланысты деп айыптап, жауапқа тартпақ ниетте. 

ҚР Ұлттық банкі 2020 жылдың бірінші тоқсанындағы төлем балансы бойынша алдын ала мәліметтерді жариялады. Құжатқа сүйенсек, 1,2 млрд теңге көлемінде профицитке шыққанбыз. Бұл теңге үшін жақсы фактор. Профициттің өсуіне импорттың экспорттан гөрі көбірек азаюы себеп болып отыр. Бірақ үшінші тоқсанға қарай төлем балансының сальдосы теріс көрсеткішке ие болуы мүмкін.

Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 415-425 теңге, бір еуро 440-450 теңге, бір рубль 5,7-5,8 теңге, бір юань 55-58 теңге болады. 

 

 

Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners аналитигі:

25 мамыр – 29 мамырАҚШ пен Қытай тартысы кесірінен мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан теңге бағамы нығайды. Мұнай нарығындағы жағдайдың реттелуіне әсер етіп отырған факторлар мыналар: ОПЕК+ келісімінің орындалуы, әлем бойынша карантин шараларының біртіндеп қысқаруы. Сонымен қатар АҚШ-тың қаржы реттеушісі ел экономикасы 2021 жылдың соңына қарай 2019 жылғы деңгейге қайта оралады деген болжамымен бөлісті.

Нарыққа екі нәрсе кері әсерін тигізуі ықтимал. Біріншісі: ҚХР билігінің 2020 жылғы экономикалық өсім туралы жоспарды бекітпеуі. Екіншісі: Бейжіңнің Гонконгтағы ықпалын күшейтуге бағытталған заң жобасына деген  америкалықтардың көзқарасының қандай болатыны. Трамп егер құжат күшіне енсе, қатаң позиция ұстанатынын білдіріп отыр. 

Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 413-418, EUR/KZT – 452-457, RUB/KZT – 5,75-5,80, CNY/KZT – 58-59.

 

 

Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital аналитигі:

25 мамыр – 29 мамырАпта бойы Brent мұнайының баррелі 32-36 доллар деңгейінде саудаланып, соңында бағасы 34,74 долларға дейін түсті. Қазір бірқатар елде шикізатқа деген сұраныс артуда. Бұл мұнай құнының қымбаттауына әсер етпек. Өндірістің қысқару мен жанармайға деген сұраныстың біртіндеп қалпына келуі әлемдік мұнай қорының шамадан тыс өсуін тежейді деген үміт бар. АҚШ-тың Федералды қор жүйесінің шетелдік долларлық нарықтағы интервенциясы нарықты тыныштандырып қана қоймай, жаһандық қаржы жүйесіндегі доллардың үстемдігін нығайтып отыр. 500 млрд еуро көлеміндегі қордың арқасында Германия ЕО-ның әлсіз мүшелерін пандемия салдарынан қорғап, ортақ валютаны нығайта түспек. Рубльдің нығаюына септігін тигізіп отырған негізгі фактор – мұнай нарығы. 

Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 412-422, EUR/KZT – 448-457, RUB/KZT – 5,6-5,9, CNY/KZT – 57-60 болады.

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

25 мамыр – 29 мамырТеңгенің долларға, еуроға қатысты бағамы осы аптада әлсіреді. Ал рубль мен юаньға қатысты бағамы нығайды. Мұндай динамикаға мұнай бағасының төмендеуі себеп болып отыр. Сондай-ақ Қытай экономикасының өсіміне қатысты күдіктердің болуы да осы триггерлердің қатарында. Өйткені бұл ел әлемдегі ең ірі шикізат пайдаланушыларының бірі саналады. Инвесторлардың күдіктенуіне Бейжіңнің кезекті мәлімдемесі түрткі болды. Қытайдың Мемлекеттік Кеңесі 2020 жылғы ЖІӨ өсіміне қатысты жоспарды бекітпейтінін жариялаған болатын. Сонымен қатар АҚШ Сенаты Қытайдың Коммунистік партиясының фунционерлеріне қарсы санкция салады деген қауесеттер жағдайды ушықтырып отыр. 

Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 415-420, EUR/KZT – 453-456, RUB/KZT – 5,6-5,8, CNY/KZT – 56-57.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу