Валюта болжамы: 27 қараша – 1 желтоқсан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (27 қараша – 1 желтоқсан).

27 қараша – 1 желтоқсан27 қараша - 1 желтоқсанға арналған валюта болжамы

Ойыншылар Венада өтетін ОПЕК+ ұйымының кезекті отырысын тағатсыздана күтуде. Картельдің алдағы кездесуі келер аптадағы валюта болжамының негізгі өзегі болмақ. Бұл орайда біздің сауалнамаға пікір білдірген сарапшылардың барлығы дерлік Венадағы саммиттің қорытындысы нарық қатысушыларын энергия тасымалдау бағасының одан әрі өсуімен қуантады деген ойда. Мәселен, «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС сарапшысының пікірінше, Ресей тарапынан қауіп бар. Себебі бұл ел жаһандық келісімнің мерзімін ұзарту туралы шешімін әлі нақтылаған жоқ. Сондай-ақ сарапшы Ресей Орталық банкі басшысының 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнай бағасы төмендеп, барреліне 40 доллар деңгейіне дейін құлдырайды деген болжамын еске салды.       

TeleTrade компаниялар тобының сарапшысы да ОПЕК+ ұйымының кезекті саммитінің қорытындысына күмәнмен қарайтынын жеткізді. Сондай-ақ Ресей мен Сауд Арабиясы тарапының қандай шешім қабылдайтыны белгісіз екенін атап өтті. Сарапшының пікірінше, келісім мерзімін ұзарту тұрғысынан оң шешім қабылданса да, мұнай бағасының өзгеру мүмкіндігі жоғары болмақ.  

Аbctv.kz-ке пікір білдірген өзге сарапшылар, мәселен «ФИНАМ» компаниялар тобы мен IFC Markets компаниясының сарапшылары алда өтетін саммит қорытындысынан жақсы жаңалықтар күтетінін жасырмады.  

Сонымен қатар сарапшылар алдағы аптада валюта бағамына әсер ететін өзге факторлардың қатарына доллар бағамының әлсіздігін де қосты (Gerchik&Co-ның өңірлік серіктестігі – Bekis компаниясы, «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС, TeleTrade компаниялар тобы, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ).

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі сауалнамадан оқи аласыздар.

Мырзажан Байғонысов, Gerchik&Co-ның өңірлік серіктестігі – Bekis компаниясының аға менеджері:

27 қараша – 1 желтоқсанӨткен аптада теңгенің америкалық долларға қатысты бағамы 327-331 дәлізінде сақталды. Алдағы аптада доллар 325 теңгеге дейін әлсірейді деп күтілуде. Себебі федеральды қор жүйесінің соңғы отырысының хаттамаларында кейбір саясаткерлердің инфляция деңгейі тұрақтылығының төмендігіне алаңдайтыны көрсетілген. Бұл жағдай өз кезегінде долларға деген қысымды күшейтіп отыр.

Өткен аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,55-5,64 деңгейінде сақталды. Келер аптада теңге/рубль жұбының бағамы 5,55-5,64 дәлізінде орын алады деп күтілуде. Осы орайда рубль Ресей Орталық банкінің «жұмсақ» саясатының салдарынан қысымға ұшырап отырғанын атап өту керек.

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

27 қараша – 1 желтоқсанМұхиттың арғы бетіндегі ойыншылардың жоқтығынан еуропалық қор алаңдары бейсенбі күні көп бағытты динамика көрсетті.

2017 жылдың үшінші тоқсанында Германияның ЖІӨ өсімінің 2,3%-ды құрауы, сондай-ақ еуроаймақтың қызмет көрсету және өнеркәсіп саласындағы іскерлік белсенділігінің оң көрсеткіштері еуроның америкалық долларға қатысты бағамын 1,1850 деңгейіне дейін көтерді.   

Сонымен қатар бірыңғай еуропалық валютаның қарқынды динамикасына Еуропа орталық банкінің жарияланған хаттамалары өз үлесін қосты. Аталған хаттамаларда реттеушінің директорлар кеңесінің бірнеше мүшесі сандық жұмсарту бағдарламасын аяқтайтын күнді белгілеу туралы пікір білдірген.

Бұған дейін атап өткенімдей, 1,1850 шегін бағындырған бірыңғай еуропалық валюта 1,20 деңгейін де сынап көре алады.

Өткен сауда сессиясында TransCanada компаниясының Канада мен АҚШ-тағы құбыр желілерінің кейбір бөлігінің жабылуына байланысты Кушинг терминалындағы шикі мұнай қоры күрт азайса да, мұнай бағасы 0,2% өсім көрсетті.

Сондай-ақ нарық қатысушылары 30 қараша күні Аустрия астанасында өтетін ОПЕК+ елдерінің кездесуін тағатсыздана күтуде. Ойыншылардың айтуынша, картель мен Ресей мұнай өндіру көлемін азайту туралы келісім мерзімін ұзартуы мүмкін. Десе де, соңғысы бұл мәселеге қатысты нақты ұстанымын әлі анықтаған жоқ.

Қазіргі уақытта Brent сұрыпты мұнайы 63 доллар деңгейіне тұрақтады. Бұл мұнай бағасының 64,20 доллар және 65 доллар деңгейіне дейін өсуіне алғышарт болып табылады. Бұл ретте баға 69,50 доллар деңгейіне жетуі де ықтимал.

Біздің пікірімізге, келесі аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,6-5,8 шегінде белгіленбек. Ал теңгенің долларға қатысты бағамы 330-332 деңгейін құрауы мүмкін. Теңгенің еуроға қатысты бағамы 390-393 болмақ.    

 

Анна Бодрова, «Альпари» компаниясының аға сарапшысы:

27 қараша – 1 желтоқсанДоллар/теңге жұбы жаңа аптаны 330-331,25 шегінде өткізбек. Ал рубль/теңге жұбы 5,58-5,68 дәлізінде саудаланбақ.

Алдағы аптада қазақстандық валюта үшін шикізат нарығындағы жағдай маңызды болмақ. 29 қарашада Венада ОПЕК отырысы басталады. 30 қарашада ОПЕК+ ұйымының мұнай өндіруді азайту және оны уақытша тоқтату туралы келісімінің мерзімін одан әрі ұзартатыны яки ұзартпайтыны белгілі болады. 

 

 

 

Әліби Нұрбаев, «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС-ның бас сарапшысы:

27 қараша – 1 желтоқсанБірқатар сыртқы фактор ұлттық валютаға оң әсер етеуде. Мұнайдың (Brent) баррелі 63 доллардан жоғары бағаға саудалануда. Сондай-ақ әлемдік нарықтағы АҚШ долларының тұрақты валюталарға қатысты бағамы әлі де болса әлсіздеу. Трамптың салық реформасының ілгері баспауы жағдайында доллар төмендеуін жалғастыра беретін секілді. Оның үстіне АҚШ федеральды қор жүйесінің басшысы Джанет Йеллен мөлшерлеменің болашақта тым жылдам өсуінің және инфляциялық күтулердің төмендеу ықтималдылығының салдары долларға кері әсер ететіндігін ескертті.

Ресей рублі әлі де болса «мінез» танытып, 59 доллардан төмен деңгейде саудалануда. Келер аптада, нақтырақ 30 қарашада Венада ОПЕК отырысы өтеді. Нарық қатысушылары мұнай өндіруді азайту туралы келісім мерзімінің ұзартылатынына күмән келтірмейді. Сондықтан келісім мерзімінің ұзартылуы мұнай нарығына айтарлықтай әсер етпейді. Қазіргі уақытта мұнай нарығының қатысушылары мейлінше ұзақ позицияны иеленіп отыр. Алдағы кездесуде қатысушылардың көңіліне кірбің түсіретін қауіп те жоқ емес. Себебі Ресей жаһандық келісімнің мерзімін ұзарту туралы шешімін әлі нақтылаған жоқ. Соған қарағанда Кремльдің шешімі мұнай нарығындағы ойыншылардың назарында болатын секілді. Еске сала кетейік, Эльвира Набиуллина 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнай бағасы төмендеп, нақты жағдайда орташа есеппен барреліне 40 доллар деңгейінде орын алуы мүмкін екенін атап өткен болатын. Ресейдің 2018 жылға арналған бюджеті де барреліне 45 доллар бағасымен есептелген. 

Мөлшерлеменің болашақта тым жылдам өсуінің салдары жақсы болмайтынын ескерткен АҚШ федеральды қор жүйесінің басшысы Джанет Йелленнің сөзінен кейін АҚШ доллары қысым астында қалды (әсіресе иенге қатысты бағамы). Оның мәлімдемесіне сәйкес, мөлшерлеме өсімінің қарқыны қауіпке жол ашуы мүмкін. Атап айтқанда, АҚШ-тағы инфляция Орталық банктің 2%-дық деңгейіне де жетпей қалуы ықтимал. Мұндай жағдайда инфляциялық күтулер төмендеуі мүмкін. Джанет Йелленнің мәлімдемесін сәйкес, қазір инфляциялық күтулер айтарлықтай төмендеген жоқ. Десе де бұл жағдайға қатысты болжамдар да жоқ емес. ФҚЖ-ның хаттамалары жарияланған соң, қыркүйек айындағы мөлшерлемені арттырудың орташа болжамы 2,75%-ды құрады. Соған қарағанда алдағы уақыттағы мөлшерлеменің артуына қатысты болжамдар артық айтылған секілді. Сондықтан жақын уақытта доллар қысымға ұшырауы мүмкін.  Дәл қазіргі сәтте трейдерлер пайыздық мөлшерлемелер желтоқсан айында 100%-дық деңгейге жетуі ықтимал екенін алға тартуда. Сондай-ақ АҚШ-тың Орталық банкі 2018 жылы пайыздық мөлшерлеме үш рет көтерілуі мүмкін деген болжам жасап отыр. Десе де, сарапшылар мөлшерлеме екі рет қана өсуі мүмкін деген пікір білдіруде. 

Ұлттық валюта бағамы сыртқы факторларды елемей, қазіргі деңгейінде сақталады. Негізгі көрсеткіш – 335. Аталған деңгейден асып кететін болса, ұлттық валюта долларына 345 теңгеге дейін әлсіреуі мүмкін. Керісінше, көрсеткіш 329-ды құраса, онда бұл жағдай долларына 326 теңше деңгейіне жол ашуы әбден мүмкін.

Ұлттық банк ұзақ мерзімді болашақта ревальвация жүргізуі, яғни ұлттық валютаны қайта бағалауы ықтимал. Әрине, сыртқы факторлар біздің нарыққа өздерінің қатысуын арттырған жағдайда ғана. Яғни, Brent бағасы 70 доллардан жоғары болса, доллар индексі 91-ден төмен түссе, ресей рублі 56-дан төмен орнықса... 

Алдағы аптаға арналған болжам мынадай: USD/KZT жұбы – 329-334, RUB/KZT – 5,57-5,67.

 

Анастасия Игнатенко, TeleTrade компаниялар тобының жетекші сарапшысы:

27 қараша – 1 желтоқсанКелер апта шикізат нарығына ғана емес, басқа да нарықтарға біраз дүниені анықтап бермек.

30 қарашада, алдағы бейсенбіде ОПЕК+ ұйымының саммиті өтеді. Оған қатысатын мемлекеттер мұнай өндіруді азайту туралы келісім мәселесін көтеруге тиіс. Алайда Сауда Арабиясы мен Ресей әлі күнге дейін өз шешімдерін нақтылаған жоқ. Оның үстіне бейресми келіссөздерді әлі де болса жалғастырып отыр.

Менің ойымша, биржашылардың мұншама ұзақ күтуі қатаң әзіл ойынына  айналуы мүмкін. Тіпті көптен күткен келісім ұзартылса да, түзету қаупі өте жоғары. Биржашылар тектен-тек алдын алуды ойын етіп жүрген жоқ. Яғни болжам бойынша сатып алады да, нақты факті бойынша сатады. 

Егер саудиялықтар осы уақытқа дейін күресіп келген қосымша 9 айға қол жеткізе алмаса, жағдай әлдеқайда қауіпті болуы ықтимал. Бұл сценарий мұнай нарығының қатысушыларын түңілдіріп қана қоймай, бағамы мұнайға тікелей байланысты құрылатын Ресей рублі, Қазақстан теңгесі секілді валюталарды жар жағасына алыпр келуі мүмкін.

Егер Brent сұрыпты мұнай бағасы барреліне 61-61,10 доллар деңгейін құраса, мұндай сценарийдің орын алуы мүмкін. 

USD/RUB және USD/KZT валюталық жұптарына қатысты айтар болсақ, 30 қараша – ОПЕК+ ұйымының саммиті өтетін күн ғана емес, айдың соңғы күні. Айдың аяқталуы әдетте жергілікті жердегі валюта қозғалысын ғана емес, орташамерзімді көріністі де болжауға мүмкіндік береді.

Дәл қазіргі уақытта доллардың рубльге және теңгеге қатысты бағамы әлсіздік танытуда.

Америкалық валюта 60,41 рубль деңгейіне жеткен соң, рубльге қатысты бағамын төмендете бастады. Егер АҚШ доллары 58,30 рубль деңгейінен төмен орнығатын болса, ол одан әрі шөге беруі ықтимал. Себебі 61,8% – Фибоначчи түзету деңгейі.

Алайда, аталған аралықтың тұрақтылығы валютаны сатып алушыларға тағы да 59,40-59,60 рубль деңгейіне ауысуға мүмкіндік береді. Десе де, ай 60 рубль деңгеймен аяқталғанын ескерсек, ортамерзімді болашақта рубльдің әлсіреу қаупін туындатады. Ал әзірше 58,30-59,60 рубль тұрақты сауда дәлізі туралы айтуға болады.

Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының әлсірегеніне біраз уақыт болды. Яғни, 345,59-345,75 теңге жергілікті деңгейі белгіленген сәттен бастап әлсіреуде. Аталған тренд қатарынан 7 апта бойы жалғасып келеді.

Доллар сұранысының ең жақын деңгейі 309,30-345,75 теңге өсімінен Фибоначчи түзету деңгейінің 50% және 61,8% шегі болмақ. Тиесінше ол 327,50 және 323,22 теңгеге тең. Доллар соңғы аралыққа түсіп кетпей тұрғанда, оның өсуін қалпына келтіру мүмкіндігі бар. Ал әзірше біз алдағы өсімге қатысты түзетулерді байқап отырмыз. 

Осылайша, мұнай нарығында түзетулер басталатын болса, доллар рубль мен теңгеге қатысты бағамын қалпына келтіруге мүмкіндік алады деп қорытынды жасауға болады. Ол бұл мүмкіндікті өтіп бара жатқан соңғы айында пайдаланып қалмақ. Алдағы аптада теңге-рубль валюта жұбы 5,6-5,7 деңгейін құрауы мүмкін.

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

27 қараша – 1 желтоқсанҚазіргі уақытта доллардың индексі 200 күндіктен төмен сатылуда. Алдағы аптада одан әрі төмен түсуі мүмкін. Бұл өз кезегінде рубльге аз да болса қолдау көрсетуі ықтимал. Доллардың жалпы әлсіреуіне байланысты өтіп бара жатқан аптада рубль нығая түсті. Біздің болжам: АҚШ долларына 57,5-59,5 рубль.

Мұнай бағасының өсуі мен рубльдің нығаюының арқасында теңге апта бойы жағдайын едәуір жақсартты. 300 маңызды деңгей болып тұр. Егер оны бағындырсақ, бағам еш қиындықсыз-ақ 328 деңгейіне түседі. Ал онда оны 150 күндік күтіп тұр. Біздің болжам: АҚШ долларына 328-333 теңге. Теңге-рубль валюта жұбына қатысты болжам диапазоны – рубліне 5,55-5,75 теңге.

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:

27 қараша – 1 желтоқсанҚазақстандық валютаның америкалық долларға қатысты бағамы нығаюын жалғастырды. Негізінен бұл 30 қарашада өтетін ОПЕК отырысының алдындаңы әлемдегі мұнай бағасының өсімімен байланысты. Картель 2018 жылдың соңына дейін тәулігіне 1,8 млн баррель мұнай өндіруге қойылған шектеу мерзімін ұзартады деп күтілуде. Аталған шектеу 2018 жылдың бірінші тоқсанына дейін ғана жарамды. Менің ойымша, ОПЕК-тің мұндай шешімі мұнай бағасының өсіміне қосымша қарқын бермек. Осылайша, теңге бағамы нығая бермек. Осы аптада теңгенің долларға қатысты бағамы 326-335 деңгейін құрауы мүмкін. Қазақстандық валютаның ресейлік рубльге қатысты бағамы өткен аптада шамалы ғана әлсіреді. Бәлкім бұл Қазақстандағы жылдық инфляция деңгейінің қыркүйектегі 7,1%-дан қазанда 7,7%-ға дейін артуымен байланысты шығар. Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 326-335 деңгейін құрайды деген болжам бар.

27 қараша – 1 желтоқсан

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу