banner

Валюта болжамы: 28 наурыз-1 сәуір

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
492,167

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
28.3.2022
480-495
Forex Club
28.3.2022
490-493
SoftLink
28.3.2022
485-510
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
4,987

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
28.3.2022
4,75-5,25
Forex Club
28.3.2022
4,7-5
SoftLink
28.3.2022
4,82-5,4
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
546,333

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
28.3.2022
530-545
Forex Club
28.3.2022
557-560
SoftLink
28.3.2022
530-556
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
76,833

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
28.3.2022
77,30-78,00
Forex Club
28.3.2022
77,2-77,5
SoftLink
28.3.2022
70-81

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (28 наурыз-1 сәуір).

28 наурыз-1 сәуір

 

 

 

 

Теңге біртіндеп өз позициясын қалпына келтіруде. Inbusiness.kz-те өз болжамын жариялаған сарапшылар бұны растап отыр. Олардың ойынша, наурыз айының соңғы аптасында теңгеге әдеттегідей макроэкономикалық факторлар әсер етеді. Украина төңірегіндегі жағдай реттеле қойған жоқ, дегенмен Қазақстанның банк және қаржы жүйелерінде тұрақтылық байқалады. Теңге бағамына қымбаттап жатқан мұнай оң ықпалын тигізуде. 

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:


Андрей Маслов,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:
28 наурыз-1 сәуір25 наурызға қарай қазақстандық валютаның рубльдан басқа валюталарға қатысты бағамы біраз нығайды.  Қазақстан экономикасына Украинадағы ахуал қысым көрсетіп отыр. Елдің бейтарап позицияны ұстануы шектеулердің бізге әсер етуін тежеп отырғандай. Десе де Қазақстанның Қытаймен, АҚШ-пен және Еуропа елдерімен ынтымақтастық орнатқандықтан, қазір дағдарыс туралы айту ерте. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі республиканың қаржы жүйесі зардап шекпеді деген мәлімдеме жасады. Сондай-ақ ведомство банктердегі депозиттерден капитал жылыстап жатқан жоқ деп мәлімдеді. 24 ақпаннан бері клиенттердің салымдары 586 млрд теңгеге немесе 2,2%- артты. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 480-495 теңге, бір еуро 530-545 теңге, бір рубль 4,75-5,25 теңге, бір юань 77,30-78,00 теңге болады.

 

 

 

Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скауты:
28 наурыз-1 сәуірӨткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты позициялары қалпына келе бастады. Ұлттық валютаға шикізаттың қымбаттауы қолдау білдіріп отыр. Еуропалық Одақ елдері Ресей мұнайын импорттауға тыйым салу жағын қарастыруда. Каспий құбыр консорциумы айлақтарының зақымдануына байланысты Қара теңіздегі жеткізілімдердің іркілуі нарыққа теріс әсер етуде. Қазақстан билігі мұнайдың, оның ішінде Ресей аумағы арқылы өтетін бағыттар бойынша экспортқа шектеулер салынбайтынын мәлім етті. Келесі аптада бір доллар 490-493 теңге, бір еуро 557-560 теңге, бір юань 77,2-77,8 теңге, бір рубль 4,7-5 теңге болады деп ойлаймын. 

 

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, аналитик SoftLink:

28 наурыз-1 сәуірӨткен аптада теңгенің ресейлік валютана басқа барлық валюталарға қатысты бағамы нығайды. Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) терминалындағы апат оған әсер ете қойған жоқ. Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов басқа бағыттар бойынша жылына 16 млн тонна мұнай экспорттау мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Сонымен қатар өткен аптаның соңында Қара теңіздегі КТК терминалында жөндеу бір айлақ құрылғысы қажет екені, қалған екеуі жұмысын жалғастыра беретіні белгілі болды. Бұл қазақстандық мұнай экспортының қысқаруы екіталай дегенді білдіреді. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 485-510 теңге, бір еуро 530-556 теңге, бір рубль 4,82-5,4 теңге, бір юань 70-81 теңге болуы мүмкін.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу