Валюта болжамы: 6 қараша – 10 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (6 қараша – 10 қараша) арналған теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.

Өткен аптадағы басты оқиғалардың бірінің сыры ашылды, бірақ та мұның әсері сарапшылар мен ойыншыларды жыл соңына дейін мазасыз күйде ұстайтын cекілді. АҚШ ФРЖ-сы  аbctv.kz  сауалнамасына пікір білдірген бірқатар сарапшылар мәлімдегендей, мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды, бірақ та олар мөлшерлеме желтоқсан айында көтерілуі мүмкін екенін айтты. «Қазақстан Қаржы орталығы» ЖШС сарапшылары америкалық реттеуші бұдан да қатаң шара қабылдайды деп отыр, ал  TeleTrade Central Asia сарапшысы мөлшерлемені көтеру теңгенің әлсіреуіне әкеледі деп есептейді.

Тағы бір қызу талқыланып жатқан америкалық фактор – бұл өткен аптада «ФИНАМ» сарапшысы сөз еткен Дональд Трамптың салық реформасы. Ол салық реформасы қабылданғанға дейінгі талқылау біраз инвестордың жүйкесін жұқартып, нарыққа әсер ететінін айтты. Сонымен қатар бұл тақырыпқа «Қазақстан Қаржы орталығы» ЖШС сарапшылары да тоқталып, реформаға АҚШ 1,51 трлн доллар жұмсайтынын жеткізді.

Энергия тасымалдаушылар нарығының әсер етуі осы аптада сарапшылардың пікір қайшылығын тудырды. Мысалы, TeleTrade Central Asia компаниясы алдағы аптада теңге бағамына мұнай бағасы әсер етеді деп отыр. Сонымен қатар сарапшылар мұнай бағасының тұрақты болуы теңгенің долларға шаққандағы бағамын нығайтып, мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімді ұзартады дегенді алға тартуда. «ФИНАМ» компаниясы сарапшысының айтуынша, мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімнің ұзартылуына Саудия мен Ресей энергетика министрі үлкен үміт артып отыр.

IFC Markets сарапшысы болса жағымсыз пікір білдіріп, ОПЕК-тің кезекті отырысы өткенге дейін мұнай бағасы өзгеріп, теңгеге әсер ететінін баяндады. Оның пікірімен «Еуразиялық капитал» компаниясының сарапшылары келісіп отыр. Ал «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ сарапшылары қазіргі уақытта теңге мұнай бағасынан гөрі рубль бағамына тәуелді екенін тілге тиек етті.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.  

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптама департаменті директорының орынбасары:  

6 қараша – 10 қараша

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев қазан айының қорытындысы бойынша елдегі инфляция деңгейі өсетінін айтты, оған ЖЖМ, көмір, сондай-ақ жеміс-жидек пен көкөніс бағасының өсуі негіз болды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Ұлттық банк елдегі инфляция деңгейі 6-7% деп отыр.

Алдағы аптада теңгенің долларға қатысты бағамы 332-336 теңге болады, ал рубльге қатысты бағамы 5,7-5,73 теңге деп отырмыз. 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

6 қараша – 10 қараша

Өткен аптада Ресей рубліне қарағанда, мұнай бағасы өсті. Ресей валютасына қысым жасайтын  бірқатар фактор бар. Бұл - санкция, мемлекеттік облигацияларға деген сұраныстың төмендеуі, салық кезеңінің аяқталуы. Осыған қарағанда келесі аптада Ресей валютасы біршама әлсірейді. Ал мұның теңгеге әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Мұнай бағасының өсуі теңге мен рубльге еш әсер етпеді. Осыған қарап бүгінгі күні теңге мұнай бағасынан гөрі ресейллік рубльге тәуелді деген қорытынды жасауға болады. Шілде, тамыз және қыркүйек айларында (қазан айына әлі мәлімет жоқ) Ұлттық банк интервенция жасаған болатын. Реттеуші нарықтағы құбылмалықты азайту үшін осы рәсімді жалғастыратын шығар. 

Келесі аптаға ұсынып отырған болжамымыз бір рубль 5,5-5,7 теңге, бір доллар 3333-338 теңге, бір доллар 58-60 рубль. Ал Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 59-61 доллар. 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

6 қараша – 10 қараша

Бейсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша S&P 500 және NASDAQ ең төменгі динамиканы көрсетті. Ал Dow Jones болса рекордын тағы жаңартты.

Трамптың Конгресс өкілдері палатасына  ұсынып отырған салық реформасы жобасы компаниялардың табысына салынатын салықты 35%-дан 20%-ға дейін азайту ұсынысын қарастырады. Республикалықтардың пікірінше, бұл шетелдегі америкалық корпорациялардың капиталын қайтаруға көмектесуге тиіс.

Бір қарағанда, бәрі тамаша, бірақ енді заң жобасын әзірлеушілер палата өкілдерінің келісімін алу керек, содан кейін барлық ережені сенат мақұлдауы тиіс. Сондықтан «Трамптың салықтық реформасының» жыры әлі біткен жоқ және мұның жалғасуы инвесторлардың жүйкесін жұқартып, нарықтың құбылмалығын арттырады.

Эр-Рияде Новак пен Халида аль-Фалиханың бейсенбі күнге жоспарланған кездесуі жұмаға ауыстырылған, бірақ та Bloomberg хабарлауынша,бұл кездесу сенбі күні Тәшкентте өтетін ТМД елдерінің электр энергетикалық отырысында өтуі мүмкін.

Сонымен қатар министрлер қараша айында өтетін Венадағы картель самитінде әлемдік мұнай қорын қысқартуға қатысты шешім бірауыздан қабылданатынына сенім артып отырғандарын айтты. 

Thomson Reuters агенттігінің хабарлауынша, ОПЕК-ке мүше елдердің мұнай өндіруі қазан айында тәулігіне 80 мың баррельге азайған.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,6-5,8 теңге, ал долларға қатысты бағамы 334-338, еуроға қатысты бағамы 389-394 теңге болады деп отырмыз. 

Әліби Нұрбаев, «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС бас сарапшысы:

6 қараша – 10 қараша

Алды ала болжағанымыздай АҚШ ФРЖ-сы мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды, бірақ та осы жылдың желтоқсанында өзгеруі ықтимал екенін ескертті. Сондай-ақ Дональд Трамп Джером Пауэлланы ФРЖ-ның жаңа басшысы етті. Өткен аптаның соңы еңбек бюросы нарығындағы есеппен жабылады. Оның көрсеткіші доллар динамикасына қатты әсер етеді. Қазақстандық теңге өзінің тұрақтылығын сақтап тұр.

Келесі аптада USD/KZT жұбы 335-340, RUB/KZT жұбы– 5,80-5,90 теңге болады деп болжап отырмыз.

Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы: 

6 қараша – 10 қараша

Мұнай бағасының артқанына қарамастан, теңге әлсіреп барады. Мұнай бағасының кез келген өзгерісі - теңгенің әлсіреуіне басты себеп болады.  Алайда мұнай бағасы бір баррель үшін 60 доллардан жоғары болады деп ойлаймыз. Осыған орай теңгенің долларға қатысты бағамы келесі аптада қазіргі деңгейде сақталады. Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,7-5,8 теңге болады. 

 

Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптау тобының жетекшісі: 

6 қараша – 10 қараша

USD/KZT жұбы бұрынғыша мұнай бағасы мен рубльге тәуелді болады.

Мұнай қымбат қалпында қалады. Қазір «қара алтынның» бір бөшкесі 61 доллардан жоғары. Бұл қазақстандық валютаның долларға қатысты бағамына сенім ұялатады. Мұнай бағасының түсуіне әзірге еш себеп жоқ, ал қараша айында өтетін ОПЕК отырысы мұнай нарығындағылардың мұнай өндіруді қысқартуды шектеуге деген үмітін ақтайды деп ойлаймыз.

Аптаның басында теңге/доллар жұбына АҚШ еңбек нарығының мәліметі әсер етуі мүмкін. Егер көрсеткіш жақсы болатын болса, онда бұл америкалық валютаның әлемдік нарықтағы ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемесін арттыруға деген болжамына қолдау болады. Ал бұл қазақстандық теңгені әлсіретеді.

Өткен аптада ресейлік валюта ОРБ-ның мөлшерлемені төмендетуінен, АҚШ тарапынан болып отырған санкция және ресейлік реттеуші тарапынан валюталық операцияларды енгізуге байланысты әлсіреді. USD/RUB жұбы бір доллар үшін 57,70-58,50 рубль болды да, рубль  2%-ға әлсіреді. Ресейлік валютаның әлсіреуі қазақстандық валютаға әсер етпей қоймайды.

Жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып, USD/KZT жұбы 335-338 теңге шамасында, RUB/KZT жұбы 5,77-5,87 теңге шамасында саудаланады деп ойлаймыз. 

Михаил Цой, «Аналитика Онлайн Казахстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы:

6 қараша – 10 қараша

Ұлттық банк теңге  бағамына араласқаннан кейін қазақстандық валюта бір доллар үшін 332-335 теңге болды, келесі аптада да осындай бағам сақталуы мүмкін.

RUB/KZT жұбының бағамы оныншы күн қатарынан төмендеуде, қазір бір рубль 5,69 теңге болып тұр. Келесі аптада рубль бағамы 5,6-5,7 теңге болады. 

 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

6 қараша – 10 қараша

Алдын ала болжанғандай қазақстандық валюта бір доллар үшін 330-340 теңге шамасында болды. Алдағы аптада да осындай бағам болады деп ойлаймын, бірақ та мұнайдың әлемдік бағасы төмендейтін болса, ол да әлсіреуі мүмкін. 2017 жылдың 7 қарашасы күні ОПЕК-тің баспасөз конференциясы өтеді. Қазір мұнай нарығының көптеген қатысушысы онда мұнай өндіруді қысқартуды ұзарту 2018 жылдың соңына дейін ұзарту туралы айтылатын шығар деп отыр.  Бұл туралы нақты ақпар 2017 жылдың қарашасында өтетін ОПЕК-тің кезекті отырысында белгілі болады. ОПЕК әрекетінде нақтылық болмайынша, мұнай қазіргі деңгейде саудаланып, қазақстандық валютаға қолдау болуы мүмкін. Бірақ мұнай бағасының аяқ астанан өзгеруі де ғажап емес. Ресей рубліне қатысты айтар болсақ, теңге нығаюы мүмкін. Оның құбылмалығы 5,52-5,72 теңге шамасында болады. 3 қараша күні ресейлік валютаның долларға қатысты бағамының біршама төмендегенін байқадық. Алайда бұған себеп болған жағдай көрсетілмей отыр. 

Айдын Сүлейменов, Алматыдағы Gerchik&Co серіктестік кеңсенің дамыту жөніндегі директоры:

6 қараша – 10 қараша

Теңгенің долларға қатысты бағамы өткен аптада 334-335 теңге шамасында болды. Келесі аптада теңгенің долларға шаққандағы бағамы күшейеді деп отырмыз, яғни бір доллар 330-334 теңге болады.

Өткен аптада теңгенің Ресей рубліне қатысты бағамы 5,71-5,77 теңге болды. Ал алдағы аптада бір рубль 5,6-2,71 теңге болады деп отырмыз. 

 

 

6 қараша – 10 қараша

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу