Бензин тағы қымбаттады

1300

Бензин тағы қымбаттады

"ҚазМұнайГаз" жанармай бекеттерінде АИ-92 жанармайы 157 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды naryk.kz. 

Ал АИ-95 162 теңгеден, АИ-98 168 теңгеден сатылуда. Қысқы дизель отынының бағасы қазір 170 теңге болса, жазғысы - 151 теңге.

Қазіргі таңда елде ең арзан бензин Sinoil бекеттерінде. Онда АИ-92 бағасы 152 теңгеден, АИ-95 163 теңгеден.

Royal Petrol бекеттерінде АИ-92 153 теңге, АИ-95 164 теңге, ал АИ-98 170 теңгеден.

Дегенмен, ҚазМұнайГаз бағаны көтергеннен кейін артынша өзгелері де бағаны қымбаттатуға тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, ертеректе Сағынтаев ҚазМұнайГаз вице-президенті мен энергетика министрінің орынбасарын орнынан босатып, Бозымбаевқа сөгіс жарияланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу