"Абай оқулары" байқауының жеңімпаздары анықталды

3916

 "Абай оқулары" байқауының жеңімпаздары анықталды

Павлодарда "Колос" мәдени-сауық орталығында "Абай оқулары" байқауы өткізілді.Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасынан айтылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласындағы "Туған жер" бағдарламасы және "Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары" шеңберінде ұйымдастырылған шараның мақсаты - мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген жастардың құштарлығын арттыру көзделген. 

Көркемсөз шеберлігін, тіл мәдениетін шыңдау бағытында өткен байқауға 17-29 жас аралығындағы қала, аудандардың жеңімпаздары қатысты. Байқау шартына сәйкес үміткерлер Абайдың білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасы мен қара сөзін мәнерлеп оқудан, "Абай жолы" романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа және Абайдың әндерін орындаудан тартысқа түсті.

Қазылар алқасы қатысушылардың көркем мәтінді таңдау және оқу шеберлігіне, қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтап, таза сөйлеуіне, ән орындау шеберлігіне, көрермендер алдында өзін-өзін ұстау мәдениетіне баса назар аударды. Нәтижесінде бас жүлдені Павлодар қаласы көлік және коммуникациялар колледжінен Марина Харчук қанжығасына байлады. I орынды Екібастұз қаласындағы ИнЕУ колледжінен Дмитрий Угрюмов, II орынды С. Торайғыров атындағы ПМУ үміткері Ксения Ронде және III орынды Баянауыл ауданы №2 мектептің үміткері Румиса Мержоева иеленді. Барлық қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу