"Әбу Даби Плаза" құрылысшылары наразылық білдірді

690

"Әбу Даби Плаза" құрылысшылары наразылық білдірді

"Әбу Даби Плазада" бір топ құрылысшы жалақыларын даулап, еңбек құқығының аяқ асты болып жатқанына наразылық білдірді, деп хабарлайды КТК.

Шағымданушылардың айтуынша, кешіктірілетін еңбекақыны айтпағанда, зейнетақы қорына да ақша аударылмайды екен. Құрылысшылар арызын алып басшыға барса, бірден жұмыстан қуылатын көрінеді.
Онсыз да құрылысы сиырқұйымшақтанып кеткен "Әбу Даби плазаның"  бір бөлігінде жұмыс мүлдем тоқтап қалды. Елу шақты  құрылысшы ұйымдасқан түрде қолындағы  құрал-сайманын тастап, жаппай көшеге шықты.
Құрылысшылар  алдымен басшыға жолығып, шағымданбақ  болған екен. Бірақ Астанадан жұмысқа қабылдаған құрылыс компаниясының кеңсесін таппапты. Сондықтан, амалсыз "Нұр Отаннан" араша сұрап келіп еді.

Билік партиясындағылар онсыз да ашынып отырған азаматтардың өзін айыптады.

"Неге кетпейсіңдер?  "Абу Дабиден". Кетіңдер. Анау-жаман, мынау жаман дейсіңдер? Ақша, тағы жоқ.  Неге онда  сол жақта істейсіңдер?", - деді "Нұр Отан" партиясы Астана  қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бақыт Сапаров.

Кейін қатты кеткенін түсінді ме, партиядағылар көмек сұрап келгендердің  тізімі мен арызын алып қалды. Егер мердігер компанияның кінәсі дәлеледенсе, заңмен жауапқа тартамыз деп уәде берді.  Ол үшін арнайы комиссия құрмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу