"Айша бибі" шипажайы ашылды

2247

"Айша бибі" шипажайы ашылды

Жамбылда көптеген жылдардан бері жүйке аурулары интернат үйі болып келген ғимарат шипажай ретінде қайта жасақталды.

 Денсаулық саласын дамытудың "2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы" аясында бұл ғимарат өзінің бастапқы мақсатында жұмыс жасамақ. Мемлекеттік бюджеттен шипажай ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына 520 миллион теңге, ал материалдық-техникалық базасын нығайтуға 354 миллион теңге қаржы бөлінген.

Жалпы алаңы 4378,0 шаршы метр болатын 4  кешеннен құралған медициналық мекемеде негізінен тірек-қимыл аппаратының, жүйке жүйесінің, тері, хирургиялық, әйелдер мен ерлердің жыныстық аурулары емделеді. Шипажайда буындарды дамытуға арналған облыста теңдесі жоқ "Артромот" қондырғысы орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу