"Ақтау-Бейнеу" автожолы пайдалануға берілді

784

"Ақтау-Бейнеу" автожолы пайдалануға берілді

Толық жаңғыртудан өткен "Ақтау-Бейнеу" автожолы пайдалануға берілді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл республикалық маңызы бар "Ақтау-Атырау" автожолының бір бөлігі. 900 шақырымды құрайтын көлік дәлізінің 592 шақырымы Маңғыстау облысына тиесілі. 2006 жылы басталған құрылысқа 12 жыл ішінде 94 миллиард теңге жұмсалған. Қозғалыстың қарқындылығына байланысты жолдың жартысы 2, ал қалғаны 1-дәрежелі болып бекітілді. Бұл жол енді Ақтау және Құрық порттарына келетін жүк көлемінің арутына және жол қозғалысының қарқын алуына жол ашады.

"Біздің облыстың тұрғындары астарында көліктері бола тұра басқа облыстарға, тысқары жерге шығу қиын болатын. Жолдың жоқтығы бәріміздің қолымызды байлайтын. Біздің облысқа келетін мысалы бұрын, машинамен алып келетін жүктерінің, олардың транспорттық шығындары көп болатын. Қазір енді азайды деуге болады. Өйткені бұрын 2-3 күн жүретін болса, қазір жарты күнде келуге болады деген мүмкіндіктер бар", - дейді "Қазавтожол" АҚ" ҰК Маңғыстау бөлімшесі директорының орынбасары Қажымұрат Сүйебаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу