"Алтын жүрек" сыйлығына үміткерлер анықталды

965

"Алтын жүрек" сыйлығына үміткерлер анықталды

Бүгін Қоғамдық кеңес құпия дауыс беру арқылы "Алтын жүрек" сыйлығына биылғы үміткерлерді іріктеп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мен азаматтардың іс-әрекетін ғана емес, олардың мүмкіндігін де бағаладым. Осы екі компонент қатар қойылғанда таңдау жасау оңай бола түседі. Мен үшін үміткердің қайырымдылыққа қанша ақша жұмсағаны маңызды емес, ол адам жетім-жесірге қолұшын бере ала ма? Сол маңызды", - деді қазылар алқасының мүшесі Адель Оразалинова.

11 аталымның әрқайсысында үш үміткерден сайысқа түседі. 

Биыл "Алтын жүрек" сыйлығына 455 адам өтініш білдірген. Бұл рекордты көрсеткіш. Оның ішінде 100 адам қатардағы қарапайым адамдар. "Алтын жүрек адамдарды одан да мейірлендіріп, тазарта түседі. Мен таңдау кезінде олардың қанша миллион салғанына мән бермедім. Ең бастысы, жүректен шықса болды", - деді Нұртас Адамбай.

27 қазанда "Алтын жүрек" сыйлығының жеңімпаздарының аты белгілі болады. 

Алтын жүрек сыйлығы биыл 11-рет өткізіліп отыр. Бұл Қазақстандағы қайырымдылық жасаған адамдарды марапаттауға арналған жалғыз байқау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу