"Алтын жүрекке" үміткерлерді тіркеу басталды

621

"Алтын жүрекке" үміткерлерді тіркеу басталды

Елімізде "Алтын жүрекке" қатысушыларды ресми түрде тіркеу басталды. Қазақстандықтар ең қайырымды деген жандарды қыркүйектің ортасына дейін анықтай алады, деп хабарлайды almaty.tv.

Айта кетерлігі, биыл 12-номинация қосылып отыр, сыйлық қоршаған ортаны қорғауға үлес қосқан жандарға да беріледі.

Қатысушылар онлайн режимде тіркеле алады. Жеңімпаздардың есімі дәстүр бойынша қазан айының аяғында жарияланады. Іріктеу 3 кезеңнен тұрады.

"Бұл премияның қажеттілігі және маңызы өте зор деп есептеймін. Себебі, қайырымды істерді көрсету, қандай да бір әлеуметтік мәселе болса немесе шешілмеген сұрақ болса соны бірлесіп қана шешуге болады. Және сондай қайырымды адамдарды біз көрсете білуіміз керек", - деді "Алтын Жүрек" сыйлығының бас үйлестірушісі Эльмира Қыдырмоллаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу