"Әміре" көркем фильмі түсірілді

1577

"Әміре" көркем фильмі түсірілді

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және Әлидар Өтемұратовтың "Dar Play" компаниясымен бірлесе түсірген "Әміре" фильмінің түсіру жұмыстары аяқталды. Әміре Қашаубаевтың өмір жолына арналған  көркем фильм 2018 жылы 5 сәуірде ұлттық прокатқа шығады, деп хабарлайды kazakhfilmstudios.kz. 

Халықаралық түсірілім тобының құрамында америкалық қоюшы-режиссер Джеф Веспа, оператор – Максим Осадчий бар. Фильмнің сценарийін жазған Бенжамин А. ван дер Вин. Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Әміре) және Еркебұлан Дайыров сомдаған. Сонымен қатар, британдық актер Бен Алдридж және "Область тьмы", "Три билборда на границе Эббинга, Миссури" фильмдері арқылы танылған америкалық актриса Эбби Корниш пен басқа да актерлер бар. 

"Әміре" фильмі Париж аспанын әнге бөлеп, күллі әлемді тамсандырған Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына шыққалы отыр. 

Фильмде Әміре Қашаубаевтың репертуарындағы "Балқадиша", "Үш дос", "Дударай", "Бес қарагер" және т.б. әндері орындалады. 

Картина Латвия, Лос-Анджелес қалаларында түсірілді. Сондай-ақ фильмнің соңғы түсіру жұмыстары Алматы облысы Үшқоңыр ауылының маңында жүргізілді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу