"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты кеніште зардап шеккен бір кеншінің жағдайы ауыр

891

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты кеніште зардап шеккен бір кеншінің жағдайы ауыр

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты "Саранская" кенішінде орын алған қайғылы оқиғада зардап шеккен жұмысшылардың бірі Қарағандыдағы Мақажанов атындағы  клиникада жатыр, деп мәлім етті денсаулық сақтау басқармасы.

"Зардап шеккендердің бірі отадан соң жан сақтау бөліміне ауыстырылды. Ол қазір жасанды тыныс алу аппаратына қосулы.  Жағдайы бірқалыпты-ауыр деп бағаланып отыр", – деді  облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Оның айтуынша,  зардап шеккендердің қалғандары палаталарда жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты.

Бұған дейін хабарланғандай, "Саранская" кенішінде жұмысшыларды жоғары алып келе жатқан кезде қайғылы жағдай орын алған еді. Соның салдарынан үш кенші қаза тауып, бесеуі ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша  ҚР Қылмыстық кодексінің 156 бабы 4 бөлімі бойынша (екі немесе одан да көп адамның өліміне себеп болған, еңбек қорғау ережелерін бұзу) сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу