"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты жылу орталығында қайғылы оқиға орын алды

902

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты жылу орталығында қайғылы оқиға орын алды

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2 аумағындағы цехтардың бірінде машинист көмекшісі аударғыш вагон астында жаншылып қалды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Өңірдегі еңбек департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиғаның мән-жайы комиссия жұмысының барысында тексеріледі.

"Цехта болған оқиғаның мән-жайын еңбек инспекторлары және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ лауазымды тұлғаларынан құралған комиссия анықтайтын болады", - деп хабарлады еңбек департаменті.

ЖЭО отын-көліктік цехында болған төтенше жағдайдың жүк түсіру барысында орын алғаны белгілі. Аударғыш вагонды 57 жастағы машинист басқарған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу