"АрселорМиттал Теміртау" жұмысшысының неден қаза болғаны анықталып жатыр

615

"АрселорМиттал Теміртау" жұмысшысының неден қаза болғаны анықталып жатыр

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатына жақын жатқан темір жол маңынан жұмысшы өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұмның денесі 3 қаңтар күні таңертең сағат 8-дер шамасында табылған.

"Домна цехында жұмыс істеп жүрген, 1982 жылы туған жігіттің жансыз денесі табылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі жолдаған хабарламада.

Болған жағдайдың егжей-тегжейін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу