"Астана" Жуниор Кабананганы 2 миллион еуроға сатты

671

"Астана" Жуниор Кабананганы 2 миллион еуроға сатты

"Астана" клубының шабуылшысы Жуниор Кабананга карьерасын эр-риядтық "Аль-Наср" клубында жалғастыратын болды. Конголық шабуылшы жаңа клубымен 2,5 жылдық келісімшарт жасапты. Бұл трансфер үшін елордалық клуб 2 миллион еуро алды, деп жазады Vesti.kz. 

Бұл қазақ футболында рекордтық трансфер болып тұр. Өйткені, бұған дейін бірде-бір қазақстандық клуб мұндай ақшаға футболшы сатпаған. Мысалы, 2013 жылы Бауыржан Исламханның "Тараздан" ресейлік "Кубань" сапына ауысқан трансфері 150 мың еуроға бағаланған болатын. Кабананганың сауд арабиялық клубқа ауысқанына дейін осы трансфер қазақ футболындағы ең қымбаты болып келген еді. 

Сондай-ақ "Астана" ел біріншілігінде жаңа футболшы үшін көп ақша төлеген жалғыз клуб. Станимир Стойловтың командасы Неманья Максимович үшін екі миллион еуроға шығындалған. Оған дейін де, кейін де ешқандай қазақстандық клуб футболшы үшін мұндай ақшаға шығындалған жоқ. 

Еске салайық, Жуниор Кабананга "Астана" сапына 2015 жылы еркін агент ретінде ауысып келді. Оның елордалық клубпен 2020 жылға дейін келісімшарт бар еді. Ал оның "Аль-Наср" клубына ауысқаны туралы мәлімет бүгін шықты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу