"Астана банкінің" салымшылары банк бөлімшесіне басып кірді

745

Банкке салынған шектеу тағы ұзартылуы мүмкін.

"Астана банкінің" салымшылары банк бөлімшесіне басып кірді

Елордада "Астана банкінің" салымшылары банк бөлімшесіне басып кіріп, ақшаларын талап етті. Өйткені, жарты жылдан бері шоттарындағы ақшасын ала алмай жүрген жұрттың төзімі таусылған, деп хабарлайды КТК.

Ал салымдарды шектеп қана беретін банк олардың әр қайсысына ондаған миллион теңгеге дейін берешек.

"Шектеу қашанға дейін болады? Енді бұл  сұрақ маған емес, Ұлттық банкке, инвесторға қойылатын сұрақтар", - дейді "Астана банкі" АҚ қалалық филиалының директоры Жасұлан Тоғызбаев.

Жарты жылға созылған шектеу енді  тағы ұзартылуы мүмкін. Мыңдаған клиентіне қарызы қордаланған  "Астана банкінің" жалғыз үміті қалталы инвесторларда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу