"Астана Опера" солистері тас қараңғы залда концерт береді

717

"Астана Опера" солистері тас қараңғы залда концерт береді

16 мамырда "Астана Опера" театрының камералық залында "Қараңғыда шырқалатын музыка" атты бірегей қайырымдылық жобасының тұсауы кесілмек, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әртістер көзге түртсе көргісіз қараңғыда өтетін қызықты музыкалық-поэзиялық бағдарлама ұсынады. Қараңғыда өтетін концерттер музыканы, қоршаған ортаны, таныс адамдар мен өзіңді қабылдаудағы қалыптасқан түйсіктерді өзгертеді. Қараңғылық қиялдау мен елестетуді жеделдетеді. Көрермен музыканы естіп қана қоймай, сондай-ақ оны "көре алады".

Жобаға "Астана Опера" театрының опера солистері мен оркестр әртістері, сонымен бірге зағип кәсіби музыканттар қатысып, классик композиторлар мен ұлттық авторлардың туындыларын орындайды. Концертте өлең де оқылады.

Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жастардың мәселелеріне көңіл бөлу. Концерттің басталуы сағат 19:00-де.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу