"Атырау-Индер" тас жолында 5 адам көз жұмды

1070

"Атырау-Индер" тас жолында 5 адам көз жұмды

Атырау облысында "Атырау-Индер" тас жолында қала маңындағы "Жұлдыз" ықшам ауданында "Гелендваген" маркалы автокөлік пен "МАЗ" көлігі соғысып, 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды atyrau.i-news.kz.

Полиция мәліметінше, жеңіл көлік Ақсай ауылынан Атырауға, ал жүк көлігі Атыраудан Оралға келе жатқан. Mercedes көлігінде 29 жасар жүргізуші, 58, 64 және 77 жастағы үш әйел, сондай-ақ 80 жастағы ер адам болған. Олардың барлығы оқиға орнында көз жұмған. Ал жарақат алған 41 жасар жүк көлігінің жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасына түсті.

Жол апатының себебі тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу