"Бәйтерек" холдингі Дүниежүзілік банк конференциясына қатысты

631

"Бәйтерек" холдингі Дүниежүзілік банк конференциясына қатысты

Вашингтонда басқарушы директор – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма мүшесі Айнұр Қуатова Дүниежүзлік банктің тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жөніндегі конференцияғсына қатысты, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі. 

Форум барысында Айнұр Қуатова "Бәйтерек" холдингінің Қазақстандағы тұрғын үй саясатын дамытуға көмек көрсетуі және "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысын салу кешенді бағдарламасын іске асыру туралы толық баяндамасын ұсынды. Бағдарлама 2016 жылы президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, Холдингтің қатысуымен әзірленген және тұрғын үй нарығын қолдаудың барлық қолданыстағы және жаңа механизмдерін біріктірді.  

 "Қазіргі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қазақстанның ипотекалық кредиттеу нарығындағы үлесі 35% құрайды. Жыл сайын банк орта есеппен алғанда 170 миллиард теңге (520 млн доллар) сомасына тұрғын үй сатып алуды қаржыландырады. 2017 жылы банк 243 миллиард теңге (744 млн доллар) сомасында қарыз берді, бұл елдегі ипотеканың төрттен үш бөлігін құрады. Өзінің барлық қызмет ету кезеңінде қаржы институты 850 миллиард теңге (2,6 млрд доллар) сомасына қарыз бере отырып, 140 мыңнан астам Қазақстан азаматтарының тұрғын үй жағдайын жақсартуға кемектесті", – деп хабарлады ол.

Сонымен бірге Қазақстандық ипотекалық компанияның жұмысы атап өтілді, ол арқылы екінші дәрежелі банктерден, барлық қызмет ету мерзімінің ішінде 212 млрд теңге (647 млн доллар) сомасына 62,6 мың ипотекалық қарыз сатып алынды, 1,4 мың ипотекалық қарыз берілді және қаражаттандыруға 3 мың өтінім қабылданды. Бұдан басқа, Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының, "Даму" қорының және "Бәйтерек девелопмент" АҚ жұмыс істеу механизмдері ұсынылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу