"Бидайкойн" криптовалютасы пайда болады

951

"Бидайкойн" криптовалютасы пайда болады

Агросалада криптовалюта пайда болады. Ол "бидайкойн" деп аталмақ. Жаңа ақшаны келер жылы қолданысқа енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Электронды қаржы арқылы шаруалар астықты саудалай алады. Тіпті "бидайкойнды" банктерге салып, дәнді-дақыл мен жаңа техникаға 30 пайыз қаражат алуларына мүмкіндік тумақ. Сондай-ақ алдағы уақытта жайылымдық жерлер сандық технологияға негізделмек.

"Электронды жайылымдар арқылы шаруалар тыңайтқыш дәрілер мен жанармай үшін өтінім береді. Цифрландыру бойынша алқаптардың қаншалықты тиімді игеріліп жатқаны анықталады. Сандық технологияға өткен шаруаларға тиісінше көмек те көп болады. Жаңа техникалар алуға жеңілдіктер жасалады", - дейді ақпараттық тіркеу орталығының бас маманы Қайрат Сұлтанбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу