"Болашақ" бағдарламасының талабы күшейеді

719

"Болашақ" бағдарламасының талабы күшейеді

Ағылшын тілін білу деңгейі жіті тексеріліп, бірқатар квоталық категория алынып тасталады. Бұл туралы білім және ғылым министрінің орынбасары Талғат Ешенқұлов мәлімдеді.

Айтуынша, бағдарламаның тиімділігін арттыру мақсатында алдағы бес жылға бірқатар өзгеріс енгізу көзделеді. Атап айтсақ, аймақтық деңгейде онлайн тестілеу болады. Осының арқасында конкурсқа қатысу көрсеткіші артады деген болжам бар. Мұнымен қоса магистратураға түсемін деушілер үшін IELTS-тің межесі 6,1-ге дейін көтеріледі.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басшысы Жанболат Мелдешовтың айтуынша, түлектерді ауыл-аймаққа тарту үшін бағдарламаны өтеу мерзімі қысқарған.

"Қазіргі уақытта түлектеріміздің 85%-ы - Алматы мен Астанада, 15% -өңірлерде  жұмыс істейді. Түлектерді ынталандыру мақсатында басқа өңірлерде жұмыс істейтін болса, еңбек өтілі 3 жылға дейін қысқарады. Ал білім саласында еңбек етсе, 2 жылға кемиді", - деді Жанболат Мелдешов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу