"Бүкіләлемдік экологиялық қарыз күні" есептелді

997

"Бүкіләлемдік экологиялық қарыз күні"  есептелді

Мамандардың есептеуіне қарағанда, 2017 жылдың 7 айы ішінде планета тұрғындары бір жыл бойы жейтін азық-түлік қорын тауысып үлгергенге ұқсайды, деп хабарлайды aikyn.kz.

Бұл қорға сонымен қатар, таза ауа, ауыз су, ет пен басқа да адам ағзасына қажетті нәрселер кіреді.

Бүкіләлемдік табиғат қорының мамандарының тұжырымына сенсек, енді  2 тамыздан бастап  жер шарының халқы келер жылдың қорына ауыз сала бастайды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адамзат кейінгі онжылдықта үнемі "қарызға" тамақ ішіп келеді. Атап айтар болсақ, планета халқы осыдан бір жыл бұрын 3 тамыз күні жылдық қорын тауысқан, ал 2015 жылы бұл сан 4 тамыз күнін көрсеткен. Ал осыдан 20 жыл бұрын адамзаттың жылдық қорын тауысуы қыркүйек айына дөп келіп отырған.

Жалпы "Бүкіләлемдік экологиялық қарыз күні" соңғы он жылдан бері тұрақты түрде есептеліп келеді. Ең алғаш рет экологиялық қарыз күні 1970 жылдың 29 желтоқсанында байқалған. Ол кезде ресурстар тапшылығы бар-жоғы екі күнді ғана көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу