"БЖЗҚ" АҚ салымшыларына есеп беруге дайын

1034

"БЖЗҚ" АҚ салымшыларына есеп беруге дайын

"БЖЗҚ" АҚ жыл сайынғы міндетті хабарлау науқанына дайындықты бастады, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

"2,6 миллионға жуық адам интернет байланысы (сайт арқылы немесе ENPF ұялы қосымша) арқылы өткен жылға үзінді көшірме ала алады. 2 миллионға жуық салымшы (алушы) пошта байланысы арқылы, оның ішінде 206 349 адам электрондық мекенжайына  үзінді көшірме алады. Сонымен қатар әрбір салымшының (алушының) өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ға өзі барып, өтініш жасай отырып алуына болады", делінген таратылған ақпаратта.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, үзінді көшірмелер ЖЗШ ашу туралы өтініште, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/анықтау туралы қосымша келісімде салымшы (алушы) көрсеткен мекенжайларға, оның ішінде электрондық мекенжайларға жіберілетін болады.

Егер салымшы (алушы) тұрғылықты жерін ауыстырса және өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін бұл туралы қорға хабарламаса, онда пошта арқылы жіберілген 2016 жылға арналған үзінді көшірмесі БЖЗҚ-ға қайтарылады. Мұндай жағдайда БЖЗҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес келесі жылға үзінді көшірмені жібермеуге құқылы болатынын атап көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу