"Цеснабанк"-тен ауыл шаруашылығы несиелерінің портфелін сатып алу тетігі бекітілді

791

"Цеснабанк" пен "ҚазАгро Ұлттық басқарушы холдингі" ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге берілген валюталық несиелерді несиелендіру мерзімдерін ұзарта отырып, теңгелік несиеге айырбастау тетігін бекітті.

 "Цеснабанк"-тен ауыл шаруашылығы несиелерінің портфелін сатып алу тетігі бекітілді

Аграрлық секторды сауықтырудың және "Цеснабанк" АҚ орнықтылығын көтерудің тетігі бекітілді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Осы жұмыстар аясында 2018 жылғы 19 қыркүйекте ҚР үкіметі мен ҚР Ұлттық банкі "Цеснабанк" АҚ-дан 450 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы несиелерінің портфелін сатып алу тетігін бекітті.

Таяу күндері ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін ахуалды жақсартуға, сондай-ақ несие портфелінің сапасын түбегейлі жақсарту есебінен "Цеснабанк" АҚ-ның орнықтылығын арттыруға мүмкіндік беретін тетік іске асырылатын болады.

"Цеснабанк" АҚ мен "ҚазАгро Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ бірлесіп ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге берілген валюталық несиелерді несиелендіру мерзімдерін ұзарта отырып, теңгелік несиеге айырбастау тетігін бекітті. Бұл агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының қарыздық жүктемесін және сыртқы факторлардың әсерінен болатын бағамдық ауытқуларға тәуелділікті азайтады.

Қолға алынып жатқан іс-шаралар аясында мемлекет елдің аграрлық секторын қолдауды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді несиелендіру саласында жетекші орын алып отырған және елдің қаржылық секторы үшін жүйелі маңызға ие "Цеснабанк" АҚ орнықтылығын қамтамасыз етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу